«Қазгеология» АҚ Қазақстанның бүкіл аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді
«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ ҚПҚ бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүзеге асырады. Ол Қазақстанның бүкіл аумағында қызмет көрсететін: ГБЖ жобалаудан бастап, геологиялық барлау, геофизикалық барлау жұмыстарын, интерпретациялауды және ұңғыма бұрғылауды, пайдалы қазбалар қорларын есептеуге дейін геологиялық барлау жұмыстарының кешенін қамтиды.
Геологиялық барлау жұмыстары — пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу, табу және өнеркәсіптік кен игеруге дайындау мақсатында жүргізілетін арнайы геологиялық және басқа әртүрлі жұмыстар кешені. Геологиялық барлау жұмыстары — оларды болжау, іздеу, орналасу жағдайларын анықтау, алдын ала әрі тәптіштелген барлау, геологиялық-экономикалық бағалау және өнеркәсіптік кен игеруге дайындау мақсатында жүргізілетін пайдалы қазбалар кен орындарының орналасу заңдылықтарын, құралуы жағдайларын, құрылысының ерекшеліктерін, заттық құрамын зерттеуді қамтиды.
Геологиялық барлау жұмыстарының толық кешені мыналарды қамтиды:
| ГБЖ жобалау | Геологиялық барлау жұмыстарын жобалау кезінде озық әдістер мен технологиялар енгізу | 
|---|---|
| Аэрогеофизика | «Geotech» канада компаниясымен бірлесіп, «ҚазГеоТех» қазақстандық аэрогеофизикалық кәсіпорын құрылды, ол ҚПҚ зерттеу тереңдігі 800 м - 10 км дейінгі VTEM мен ZTEM. жаңа технологияларын қолданады | 
| Жер бетіндегі геофизика | Дала геофизикасының меншікті партиясы бар, «Phoenix» (Канада) заманауи геофизикалық жабдығымен жабдықталған, зерттеу тереңдігі 2,5 км дейін. Заманауи геофизикалық жабдығы TDEM, TDIP (Dipole-Dipole, Pole-Dipole, Gradient), AMT+MT әдістерімен сапалы магниттік, гравиметриялық түсірімдер, электр барлауы жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. | 
| Интерпретация | Геологиялық-геофизикалық деректерді интерпретациялау үшін бағдарламалық өнімдердің толық желісі қалыптастырылған. | 
| Бұрғылау жұмыстары | Қатты пайдалы қазбалар бұрғылауға заманауи бұрғы жабдықтарының паркі бар, оның ішінде Atlas Copco швед компаниясының Boyles C6 және Boyles C5 модельдері, бұрғылау тереңдігі 800-1200 м. Қазіргі уақытта, бұрғы жабдықтарының паркінде 10 станок бар. | 
| Зертханалық жұмыстар | Қазақстан Республикасындағы жалғыз халықаралық аккредиттелген, зертханалық зерттеулердің кең ауқымы қамтылған геохимиялық зертхана іске қосылды. | 
| Қорларды есептеу | ГБЖ қорытындысы бойынша қазақстандық және халықаралық стандарттарға сай қорлар есептелген есептер жасау. | 
Қазақмыс корпорациясы, ГК ERG, Қазцинк, Rio Tinto, JOGMEC, ILUKA, Yildirim, ULMUS Fund, Azura International, Полиметалл және т.б. аса ірі казақстандық және шетелдік компаниялар Қазгеологияның әріптестері мен тапсырыс берушілері болып табылады.

