Компания тарихы
«Қазгеология» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 сәуірдегі кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы №684 қаулысына сәйкес құрылды.
Оны құрудың мақсаты – Қазақстан Республикасы аумағын оңтайлы игеруді қамтамасыз ету, болашақтағы ұрпақтар қоры үшін жаңа минералдық-шикізат базасын құру және халықтың тұрмысы үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ Каспий қайраңының қазақстандық секторында және геосаяси мүдделерінің іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.