АО “Национальная геологоразведочная компания “Казгеология”

қаз | рус | eng

Құрметті қазақстандықтар! Отан қорғаушысы күнінің құрметіне ең жылы лебіздер мен шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Печать

Құрметті қазақстандықтар!

Отан қорғаушысы күнінің құрметіне ең жылы лебіздер мен шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Еліміз үшін 7 мамыр – Отанына қалтқысыз адалдықпен қызмет ететін жауынгерлердің әскери борышын ерлікпен әрі жүректілікпен атқару мерекесі, тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері дүниеге келген күн.

Осы күнді тойлау Қазақстан жауынгерлерінің жаңа дәстүріне айналды. Бұл күн қазақстандық жауынгерлердің өр келбетті ерліктерінің жылнамасын әрі Отанға адал қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын білдіреді.

Осы бір айтулы күні барлық Отан қорғаушыларына, Қазақстанның бүкіл тұрғындарына өшпес өміршеңдік, ертеңгі күнге нық сенімділік, зор денсаулық, бейбітшілік, бақуатты тұрмыс тілейміз!

Ізгі ниетпен,

«Қазгеология» АҚ

Басқарма Төрағасы

Ғ. Нұржанов