«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Аудиторлық қызметтерді таңдау үрдістерін өткізу

Print

2013 жыл

Аудиторлық ұйымды таңдау тәртібі

2013-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді аудит қызметтерін көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау үрдісін өткізу туралы хабарландыру

1. «Қазгеология» АҚ, заңды және нақты (пошталық) мекен-жайы: 010000, Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 12/1, ВП – 61, 6 қабат, Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек , 2013-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді аудит қызметтерін көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау үрдісін өткізетінін хабарлайды.

2. Құпиялылық туралы келісім:

Құпиялылық туралы келісім мәтіні осы хабарландыруға электрондық түрде тіркеледі.

30.04.2013 - Хабарландыру
30.04.2013 - Құпиялылық туралы келісім

2012 жыл

Аудиторлық ұйымды таңдау үрдісінің қорытындылары туралы хабарландыру (12.12.2012)

«Қазгеология» АҚ, заңды және нақты (пошталық) мекен-жайы: 010000, Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 12/1, ВП – 61, 6 қабат, Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек , 2012 жылдың 26 қарашасында өткен аудиторлық ұйымды таңдау үрдісінің қорытындылары туралы хабарлайды.

Жеңімпаз болып 3 890 000,0 (үш миллион сегіз жүз тоқсан мың) теңге, ҚҚС қоспағандағы бағасымен аса көп бал санын жинаған «Эрнст энд Янг» ЖШС болып танылды. Аудиторлық ұйымды таңдау үрдісін өткізетінін хабарлайды. Құпиялылық туралы келісім мәтіні осы хабарландыруға электрондық түрде тіркеледі.

Хабарландыру (12.12.2012)
Аудит қызметтерін көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау үрдісін өткізу туралы хабарландыру (20.11.2012)

«Қазгеология» АҚ, заңды және нақты (пошталық) мекен-жайы: 010000, Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 12/1, ВП – 61, 6 қабат, Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек , аудит қызметтерін көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау үрдісін өткізетінін хабарлайды.

Құпиялылық туралы келісім:

Құпиялылық туралы келісім мәтіні осы хабарландыруға электрондық түрде тіркеледі.

2012 жыл ішінде сатып алынатын аудиторлық және ілеспе қызметтер көлемі.

1. Жабдықтаушы аудиттің мына түрлері бойынша аудиторлық есепті ұсынады:

1) Халықаралық аудит Стандарттарына (бұдан әрі - ХАС) сәйкес жүргізілген, 2012 жыл ішіндегі Тапсырыс берушінің қаржылық есептілігін Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС) сәйкестігіне тексеру. Жабдықтаушының аудиторлық есебі талдау нәтижелеріне негізделуі керек және Топтың жоғарыда аталған қаржылық есептілігі ХҚЕС ережелеріне сәйкес ұсынылған ба және маңызды бұрмалануы бар ма екені туралы пікірден тұру керек; 2) 2010 жылдың 20 тамызындағы № 422 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бекіткен, жариялымдарға арналған үлгілер бойынша 2012 жыл ішіндегі қаржылық есептілікті растау туралы аудиторлық есеп; 3) «Самұрық-Қазына» АҚ бекіткен үлгілер бойынша 2012 жыл ішіндегі қаржылық есептілікті растау туралы аудиторлық есеп.

2. Қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша Жабдықтаушы әрбір көрсетілген сұрақ бойынша өз пікірін білдіре отырып және сәйкессіздік байқаған жағдайда, аудит барысында белгіленген тиісті ұсыныстар жасай отырып, басшылық үшін хат әзірлеуі керек және басшылықтың назарына ағымдағы қызметті дамыту барысында көмек көрсетуге бағытталған тиісті ұсыныстар жасау керек:

  • бухгалтерлік есеп жүйелері (соның ішінде, бухгалтерлік есепті жүргізу үрдістерінің сипаттамасы) және қаржылық есептілік құру; - тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жабдықтаушыларымен дебиторлық және кредиторлық қарыздарын салыстырып тексеруді қоса алғанда, активтер мен міндеттемелерді түгендеу әдістері мен үрдістері;
  • аудирленген қаржылық есептілікке қатысты мәліметтер бөлігінде, қаржылық есептілікті қалыптастыруға қатысқан қызметкерлердің өзара әрекеттесу жүйелері;
  • бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жүргізу кезінде анықталған ұрлық пен қателік жағдайлары (алаяқтық);
  • ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелері.

Ескертпе:

Тапсырыс беруші «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тобына (бұдан әрі - Қор) енетіндіктен, Жабдықтаушы шоғырландырылған қаржылық есептілікті әзірлеу кезінде Қордың сыртқы аудиторына көмек көрсету керек, соның ішінде жұмыс қағаздарына қол жетімдік ұсыну керек.

Сол кездегі Жабдықтаушының мүмкін шығындары келісім-шарттың жалпы құнына қосылады. Әлеуетті қатысушы құпиялылық туралы келісімге қол қойған және ұсынған күннен бастап, таңдау үрдісіне қатысу өтінімінің электрондық көшірмесін і Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек  және Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек , Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек электрондық мекен-жайларға ресми сұраныс жолдай отырып, ала алады.

Әлеуетті қатысушылардың қызмет көрсетуге ресми ұсыныстары салынған конверттер мына мекен-жай бойынша тіркеледі: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 12/1, 2 қабат, 221 кабинет, 2012 жылдың «20» қарашасының сағат 11:00-ден бастап «26» қарашаның сағат 11:00 дейін.

Әлеуетті қатысушылардың қызмет көрсетуге ресми ұсыныстары салынған конверттерді ұсынудың қорытынды мерзімі мен орны: 2012 жылдың «26» қарашасының сағат 11:00-ге дейін, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 12/1, 2 қабат, 221 кабинет.

2012 жыл ішінде аудиторлық және ілеспе қызметтерді сатып алуға бөлінген (қарастырылған) сома ҚҚС қоспағанда, 10 000 000 (он миллион) теңгені құрайды.

Аудиторлық ұйым (компания) «Самұрық-Қазына» АҚ Сенімсіз әлеуетті жабдықтаушылар тізімінде және/немесе Мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушылары тізілімінде тұрған жағдайда Таңдау үрдісіне қатысуға құқылы емес.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 475-726, 689-644.