«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

«Қазгеология» АҚ Қарағанды облысының Итауыз және Сарыадыр учаскелерінде бұрғылау жұмыстарын бастады

Print

«Қазгеология» АҚ Қарағанды облысында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Итауыз кен орнының оңтүстік қапталында іздеу жұмыстары» және «Сары адыр учаскесінде мыс-порфира кенденуіне іздеу жұмыстары» жобалары бойынша бұрғылау жұмыстарын орындауға кірісті.

Итауыз учаскесі бойынша жұмыстарды Компания 2015 жылы бастады және 2 дала маусымы ішінде жалпы көлемі 3 846,9 қ.м, 9 іздеу ұңғымасын бұрғылады, осы ұңғымаларда құрамында 0,1%-дан 1,5%-ға дейін мыс бар кен аймағын ашты, олар 600-ден 700 метрге дейінгі тереңдікте кеңінен таралған.

Сары адыр учаскесінде 2015-2015 жылдар кезеңінде көлемі 3600 қ.м. 9 іздеу ұңғымасы бұрғыланды, сондай-ақ 8576 қ.м. геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Осы ұңғымалар құрамында 0,1%-дан 0,6%-ға дейін, қуаты 4-тен 34 метрге дейін мыс бар кен аймағын ашты. Пирит пен халькопирит түрінде кеннің минералдануы бар.

Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларының маңында моноқалалардың минералдық шикізат базасын одан әрі толықтыру үшін осы учаскелерде мыс кенінің тәндерін анықтау әрі бағалау мақсатында, 2017 жылға арналған жұмыстар жоспарына сәйкес Компания Итауыз учаскесінде жалпы көлемі 1850 қ.м., Сары адыр учаскесінде 3200 қ.м. іздеу ұңғымаларын бұрғылауды жоспарлауда.

«Қазгеология» АҚ мамандары 03.05.2017ж. жағдай бойынша Итауыз учаскесінде 450 қ.м., Сары адыр учаскесінде 480 қ.м. бұрғыланды, бұл ретте, П-11 іздеу ұңғымасы тәптіштеле зерттелген Алмалы учаскесінде 400 м тереңдікте алдын ала деректер бойынша қуаты 3,5-тен 22 метрге дейінгі мыстың минералдануы (халькопирит, пирит) аймағын анықтады.

Компания учаскелерде «Atlas Copco» өндірісіндегі қазіргі заманғы 3 бұрғылау аппараты жұмысқа тартылды. Кеннің минералдануы пирит пен халькопирит түрінде көрінеді. Жобаларды ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.