«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Қазгеологияда Қазақстандағы «Жас геолог» үйірмелері жетекшілерінің семинары өткізілді

Print

2017 жылғы 27-28 наурызда «Қазгеология» АҚ кеңсесінде «Жас геолог» корпорациялық қорының жетекшілігімен Қазақстанның барлық өңірлеріндегі жас геологтар үйірмелерінің жетекшілері арасында 3 күндік оқу-практикалық семинар өткізілуде. Сондай-ақ, семинарға жыл сайынғы Жас геологтар олимпиадалары төрешілер алқасының мүшелері де қатысуда.

«Қазгеология» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Қадыржан Қаулдашев пен Бас геолог Берікбол Хамзин құттықтау сөз сөйлеп, жас геологтардың осындай үйірмелерін ұйымдастыру – мектеп оқушыларының геология ғылымдарын зерделеуге ықыласын оятуға, сөйтіп осылайша жер қойнауының әлі де болса, ашылмаған кен байлықтарын ашатын саладағы кәсіби мамандардың қатарын толықтыруға құлшынысын арттыратын маңызды іс-шара болып табылатынын атап өтті.

Семинардың басты тақырыбы – бейіндік іс-шаралар жүргізу жөніндегі ережелер мен әдістемелер әзірлеу, сондай-ақ алдағы уақытта өткізілетін Ү Қазақстандық жас геологтардың ашық дала олимпиадасы туралы ережеге өзгерістерді талқылау болды.

Сондай-ақ, семинардың шеңберінде оған қатысушылар аталған жарыстарды өткізу бойынша «Дала тұрағын ұйымдастыру», «Қауіпсіздік техникасының негіздері», «Геологиялық қиық» сияқты өзекті мәселелерді талқылап, 2016 жылы Бурабайда өткен ІҮ Қазақстандық жас геологтардың ашық дала олимпиадасының қорытындысын жасады. Семинардың екінші күні үйірмелердің әр жетекшісінің жұмысымен таныстыру және палеонтология бойынша дәріс өткізуді ұйымдастыру жоспарлануда.

2017 жылғы 28 наурызда семинардың шеңберінде оған қатысушылар Геология мұражайына баруды жоспарлауда.