«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Алматы қаласында «Қазгеология» АҚ мамандары геологиялық барлау саласында инновациялық технологиялардың қолданылуы туралы айтып берді

Print


Алматыда а.ж. 17 наурызда «Қазгеология» АҚ қызметкерлері «Қазақстандағы геологиялық барлау жұмыстарындағы инновациялар мен перспективалы технологиялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуда.  Ол «Бекжанов оқулары» деп аталып, қазіргі замандағы аса көрнекті геолог Ғинаят Рахметоллаұлы Бекжановты еске түсіруге арналған, ал оған 7 наурызда 90 жас толар еді.

Конференцияның жұмысына  Қазақстаннан, Қыргызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден және   Канададан 200-ден астам адам қатысуда.

Конференция Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің аясында өтуде. «Бекжанов оқуларының» ұйымдастырушылары – ҚР Минералдық ресурстар академиясы, «Қазгео» қазақ геологиялық қоғамы, сондай-ақ Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты.

Конференцияның жұмысына  «Қазгеология» АҚ-тың бас геологы Берікбол Хамзин қатысты, атап айтқанда, ол «Геология саласындағы жобаны басқару», «Жария геологиялық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу мәселелері» тақырыптарында оқулар шеңберінде өткізілген дөңгелек үстелдерге қатысты.

«Қазгеология» АҚ-тың мамандары конференцияда геологиялық барлау жұмыстарындағы инновациялық технологияларға арналған баяндамалар жасап, оларды жұмыс процестерінде, атап айтқанда, геофизикалық зерттеулерде пайдалану туралы айтты.

Мысалы, жалпы отырыста «Қазгеология» АҚ-тың геофизиктері Сергей Беляков пен Махамбет Пайдин баяндамалар жасады. 

Конференцияда, барлығы 30-ға жуық ауызша және 30-дан астам стенділік баяндамалар жасалды. Олардың ішінде «Қазгеология» АҚ-тың Геология департаментінің директоры Павел Ниценконың баяндамасы бар. Баяндама Оңтүстік Балқаш өңірінде ГГК-200 өткізу мысалында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде компьютерлік қолдау көрсетудің жұмыс тәжірибесіне арналған.

«Бекжанов оқуларының» қатысушылары геология саласындағы инновациялық технологиялар мен тиімді әдістер туралы ақпарат алу әрі оларды талқылау бойынша осындай іс-шараларөткізудің маңызын атап өтті.