«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

«Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы БАӘ елшісімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Print


Бүгін, 2017 жылғы 13 ақпанда БАӘ елшілігінде «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржановтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Др. Мохаммад Ахмад Альджабермен кездесуі болып өтті. Әңгімеге «Қазгеология» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Елдар Тағаш қатысты.

Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың бірқатар перспективалы бағыттарын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дәйекті дамуына нық сенім білдірді.

Ағымдағы жылғы қаңтардағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың  Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарының шеңберінде  «Қазгеология» АҚ басшылығының «Mubadala», «DUBAL», «Bin Hamoodah Group» компанияларының және т.б. әмірліктің жетекші компанияларының басшыларымен кездесулер өткізіліп, оларда Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастық жасау жөніндегі мәселелер талқыланды.

Елші Қазақстанда геологиялық барлау бойынша ынтымақтастық жасаудағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін «Қазгеология» АҚ-тың әмірліктің компанияларымен ынтымақтастықта көмек көрсетуге және осы компаниялар өкілдерінің жобаларды тәптіштеп талқылау үшін Қазақстанға тезірек келуін ұйымдастыруға әзір екенін білдірді, сондай-ақ екі ел үшін ортақ халықаралық мүдделер тоғысатын мәселелерді талқылап, оларды ұдайы үйлестірудің маңызы зор екенін баса көрсетті.