«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Жаңалықтар

Қазгеологияда Қазақстандағы «Жас геолог» үйірмелері жетекшілерінің семинары өткізілді

Print

2017 жылғы 27-28 наурызда «Қазгеология» АҚ кеңсесінде «Жас геолог» корпорациялық қорының жетекшілігімен Қазақстанның барлық өңірлеріндегі жас геологтар үйірмелерінің жетекшілері арасында 3 күндік оқу-практикалық семинар өткізілуде. Сондай-ақ, семинарға жыл сайынғы Жас геологтар олимпиадалары төрешілер алқасының мүшелері де қатысуда.

«Қазгеология» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Қадыржан Қаулдашев пен Бас геолог Берікбол Хамзин құттықтау сөз сөйлеп, жас геологтардың осындай үйірмелерін ұйымдастыру – мектеп оқушыларының геология ғылымдарын зерделеуге ықыласын оятуға, сөйтіп осылайша жер қойнауының әлі де болса, ашылмаған кен байлықтарын ашатын саладағы кәсіби мамандардың қатарын толықтыруға құлшынысын арттыратын маңызды іс-шара болып табылатынын атап өтті.

Семинардың басты тақырыбы – бейіндік іс-шаралар жүргізу жөніндегі ережелер мен әдістемелер әзірлеу, сондай-ақ алдағы уақытта өткізілетін Ү Қазақстандық жас геологтардың ашық дала олимпиадасы туралы ережеге өзгерістерді талқылау болды.

Сондай-ақ, семинардың шеңберінде оған қатысушылар аталған жарыстарды өткізу бойынша «Дала тұрағын ұйымдастыру», «Қауіпсіздік техникасының негіздері», «Геологиялық қиық» сияқты өзекті мәселелерді талқылап, 2016 жылы Бурабайда өткен ІҮ Қазақстандық жас геологтардың ашық дала олимпиадасының қорытындысын жасады. Семинардың екінші күні үйірмелердің әр жетекшісінің жұмысымен таныстыру және палеонтология бойынша дәріс өткізуді ұйымдастыру жоспарлануда.

2017 жылғы 28 наурызда семинардың шеңберінде оған қатысушылар Геология мұражайына баруды жоспарлауда.

 

Алматы қаласында «Қазгеология» АҚ мамандары геологиялық барлау саласында инновациялық технологиялардың қолданылуы туралы айтып берді

Print


Алматыда а.ж. 17 наурызда «Қазгеология» АҚ қызметкерлері «Қазақстандағы геологиялық барлау жұмыстарындағы инновациялар мен перспективалы технологиялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуда.  Ол «Бекжанов оқулары» деп аталып, қазіргі замандағы аса көрнекті геолог Ғинаят Рахметоллаұлы Бекжановты еске түсіруге арналған, ал оған 7 наурызда 90 жас толар еді.

Конференцияның жұмысына  Қазақстаннан, Қыргызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден және   Канададан 200-ден астам адам қатысуда.

Конференция Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің аясында өтуде. «Бекжанов оқуларының» ұйымдастырушылары – ҚР Минералдық ресурстар академиясы, «Қазгео» қазақ геологиялық қоғамы, сондай-ақ Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты.

Конференцияның жұмысына  «Қазгеология» АҚ-тың бас геологы Берікбол Хамзин қатысты, атап айтқанда, ол «Геология саласындағы жобаны басқару», «Жария геологиялық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу мәселелері» тақырыптарында оқулар шеңберінде өткізілген дөңгелек үстелдерге қатысты.

«Қазгеология» АҚ-тың мамандары конференцияда геологиялық барлау жұмыстарындағы инновациялық технологияларға арналған баяндамалар жасап, оларды жұмыс процестерінде, атап айтқанда, геофизикалық зерттеулерде пайдалану туралы айтты.

Мысалы, жалпы отырыста «Қазгеология» АҚ-тың геофизиктері Сергей Беляков пен Махамбет Пайдин баяндамалар жасады. 

Конференцияда, барлығы 30-ға жуық ауызша және 30-дан астам стенділік баяндамалар жасалды. Олардың ішінде «Қазгеология» АҚ-тың Геология департаментінің директоры Павел Ниценконың баяндамасы бар. Баяндама Оңтүстік Балқаш өңірінде ГГК-200 өткізу мысалында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде компьютерлік қолдау көрсетудің жұмыс тәжірибесіне арналған.

«Бекжанов оқуларының» қатысушылары геология саласындағы инновациялық технологиялар мен тиімді әдістер туралы ақпарат алу әрі оларды талқылау бойынша осындай іс-шараларөткізудің маңызын атап өтті. 


 

Наурыз құтты болсын!

Print


Қымбатты қазақстандықтар!

Біз бүгін табиғаттың оянуын, оның жаңаруы мен гүлденуінің бейнелік мәні болып табылатын ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтеміз. Қазіргі дүниеде Наурыз жаңа мағыналық реңкке ие болды, Қазақстанның барлық халықтарының бірлігінің, әртүрлі ұлттар достығы мен татулығының, өзара ұйытқысының бейнелік көрінісіне айналды. Бұл мерекенің қадым заманнан бері жасампаздық пен жастықтың, жаңа жылдың басталуы ретінде тойлануы тегін емес.

Осы бір берекелі мереке күні баршаңызға, отбасыларыңызға толағай табыстар, бақуатты тұрмыс пен баянды бақыт тілеймін!

Көктемнің көрікті күндері  әр үйге тек қана шадыманды шаттық үндерге толы ыстық ықылас пен мол шуағын дарытсын!

Ізгі ниетпен,

«Қазгеология» АҚ

Басқарма төрағасы 

Ғ. Нұржанов

 

Торонтода PDAC халықаралық форумының шеңберінде геологиялық барлауға инвестиция салу мәселелері талқыланды

Print

2017 жылғы 5-8 наурыз кезеңінде Каанаданың Торонто қаласында өткен PDAC таукен өндіру халықаралық форумының шеңберінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың "Rio Tinto" австралия-британия концернінің геологиялық барлау басқармасының басшысы Дэйв Эндрюспен және Африка-Евразия¬ өңіріндегі геологиялық барлау директоры Кен Тейнтонмен кездесуі болып өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Баймишев, «Қазгеология» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Елдар Тағаш және Қазақстанның Канададағы елшілігінің өкілдері қатысты.

Тараптар Қазақстан аумағындағы геологиялық барлау жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласында жоспарланып отырған заңнамалық реформаларды, геологиялық барлауға инвестициялар көлемін ұлғайту және қазақстандық кадрларды оқыту мәселелерін талқылады.

Т.Тоқтабаев геологиялық барлау саласына инвестициялар тартуды қамтамасыз ету үшін 2018 жылы Қазақстанда Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекстің қабылданатыны туралы айтып, сондай-ақ стратегиялық әріптес ретінде Rio Tintoмен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, ол Rio Tintoның жаңа лицензиялық модель бойынша Қазақстанда ГБЖ көлемін арттыруға мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Бұдан басқа, Алматыда геологиялық кластер құру және Қазақстанның аумағында халықаралық сертификаты бар зертхана құру жоспарлары туралы айтты.

Вице-министр концернге алмасқа геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді әрі ҚазГеоТек компаниясымен бірлесіп, Жамбыл өңірінде аэрогеофизикалық жұмыстар жүргізіп, бұл ретте Rio Tintoның осы бағыттағы тәжірибесі мен технологияларын пайдаланып, осы жұмыстарды бастауды ұсынды. Тимур Тоқтабаев күні бүгін Rio Tinto жұмыстар жүргізіп отырған аумақтардың, сондай-ақ Қытаймен шекаралас аз зерттелген аумақтар перспективалары бар екенін баса көрсетті.

Өз кезегінде Дэйв Эндрюс компания Қазақстан Үкіметінен елде қолайлы инвестициялық ахуал жасайды деп күтіп отырғанын айтты.

Rio Tinto компаниясы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекстің қабылдануына мүдделі, сондай-ақ олардың келісімшарттарын жаңа режимге ауыстырып, елде шикізатты қайта өңдеуге ынталандыратын, жалпы әлемде қабылданған салық режиміне (роялти) көшу мүмкіндігіне сеніп отыр.

Күні бүгін Rio Tinto компания оларда жұмыс жүргізіп отырған әлемнің 14 елінде, оның ішінде Қазақстанда геологиялық барлау саласында 100 млн АҚШ долларынан астам инвестиция салуға ниеттенуде. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекстің қабылдануы концерн басшылығының айтуынша, елдің геологиялық әлеуеті мен жария етілген реформалар көңілге үміт отын ұялатады, сондықтан Қазақстанға ерекше назар аударылатын болады.

Кен Тейнтон «Қазгеология» АҚ-пен ынтымақтастықтың маңызы зор екенін баса көрсетті және концерн геология қызметінің тәжірибесін пайдаланып, Қазақстанда кәсіби команда құру жөніндегі жоспарлары туралы айтты.

Кездесудің соңында тараптар Rio Tintoның оқыту бағдарламалары арқылы қазақстандық мамандарды оқыту мәселесін талқылап, осындай ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін баса көрсетті.

 

"Қазгеология" АҚ қызметкерлері Австралияда ILUKA компаниясының бағдарламасы бойынша оқытылуда

Print

Iluka Resources австралия компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде 2017 жылғы 25 ақпан-8 наурызда "Қазгеология" АҚ қызметкерлері Австарлияның Перт қаласында «Минералдық құмдар бойынша іздеу жұмыстарның негіздері, сынамалар іріктеу ерекшеліктері және қауіпсіздік шаралары» бағдарламасы бойынша оқытылуда. Оқу шеңберінде "Қазгеология" АҚ қызметкерлері геологиялық маршруттардан өтіп, шашыраңқы титан кен орындарын іздеу әдістемесін зерттеді, синтетикалық рутил шығару жөніндегі зауытта және шашыраңқы титан-цирконий минералдарын технологиялық әрі талдамалық зерттеу зертханасында болды.

Оқыту тренингтері кезінде "Қазгеология" АҚ мамандары JORC стандарттары бойынша минералдық ресурстарды 3D модельдеу әрі жіктеу, геоақпарат жүйелері мен деректер базасы негіздерін зерттеді, кен орындарын оңтайландыру және оларды экономикалық бағалау жөнінде білім алды.

Австралия басейнінің аумағында дала сапарында болу қорытындысы бойынша шашыраңқы титан-цирконий минералдары құмдарын анықтау жөніндегі рекогносцировкалық маршруттарынан өтті.

Оқу барысында олар минералдық шикізатты байыту әрі қайта өңдеу жөніндегі зертханада, зауыт үшін шикізат базасы болып табылатын Tutunup South минералдық құмдар кен орнында, рутил шығару зауытында болды, онда кен орнындағы кен өндіру процесі көрсетілді.

ILUKA компаниясының Бас геологы Эндрю Кук қалдықсыз өндіріс болып табылатын синтетикалық рутил шығару жөніндегі зауыт негізгі өнімнен басқа белсендірілген көмір, гипс және т.б. өнімдер шығаратыны, сондай-ақ өз мұқтаждары үшін электр өндіретіні туралы айтты.

 

«Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы БАӘ елшісімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Print


Бүгін, 2017 жылғы 13 ақпанда БАӘ елшілігінде «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржановтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Др. Мохаммад Ахмад Альджабермен кездесуі болып өтті. Әңгімеге «Қазгеология» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Елдар Тағаш қатысты.

Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың бірқатар перспективалы бағыттарын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дәйекті дамуына нық сенім білдірді.

Ағымдағы жылғы қаңтардағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың  Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарының шеңберінде  «Қазгеология» АҚ басшылығының «Mubadala», «DUBAL», «Bin Hamoodah Group» компанияларының және т.б. әмірліктің жетекші компанияларының басшыларымен кездесулер өткізіліп, оларда Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастық жасау жөніндегі мәселелер талқыланды.

Елші Қазақстанда геологиялық барлау бойынша ынтымақтастық жасаудағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін «Қазгеология» АҚ-тың әмірліктің компанияларымен ынтымақтастықта көмек көрсетуге және осы компаниялар өкілдерінің жобаларды тәптіштеп талқылау үшін Қазақстанға тезірек келуін ұйымдастыруға әзір екенін білдірді, сондай-ақ екі ел үшін ортақ халықаралық мүдделер тоғысатын мәселелерді талқылап, оларды ұдайы үйлестірудің маңызы зор екенін баса көрсетті.

 

"Қазгеология" АҚ Басқарма төрағасының Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы

Print


Құрметті достар!

Сіздерді Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Мешін жылы тек жақсылығымен  есте қалсын. Келер жылды  ақ ниет, үміт пен биік армандармен қарсы алайық. 

Жаңа жыл жағымды жаңалықтар мен мол табысқа толы болсын. Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға баянды бақыт, бақ-береке тілеймін. Жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Жаңа жыл құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
«Қазгеология» АҚ
Басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов

 

«Қазгеология» АҚ мемлекеттік тапсырма жобалары бойынша дала жұмыстарын аяқтады

Print


«Қазгеология» АҚ балық мемлекеттік тапсырма жобалары бойынша, атап айтқанда, Сарыадыр, Кенқазған, Итауыз, Алтыншоқы, Аршалы учаскелері, Тасты алаңында дала жұмыстарын аяқтады. Қарағанды облысындағы Керей-Опар алаңындағы іздеу жұмыстары жобасы ағымдағы дала жұмыстарының соңғысы, күні кеше ғана компания учаскеде бұрғылау жұмыстарын аяқтады.

Бүгінгі күні «Қазгеология» АҚ -тың Кешенді партиясы алынған материалдарға камералдық өңдеу жүргізу үшін Қарағанды қаласындағы негізгі өндірістік базасына оралды.


2016 жылға арналған бұрғылау жоспарына сәйкес учаскеде тереңдігі 140-тан 300 метрге дейін, жалпы көлемі 3 200 қ.м 15 ұңғыма бұрғыланды. Бұрғылау жұмыстары аса жаңа «Dando Watertec» (Ұлыбритания) маркалы өздігінен жүретін көп функциялы екі бұрғылау қондырғысымен жүргізілді.

Мемлекеттік тапсырма жобалары бойынша геологиялық барлау жұмыстары бұдан әрі 2017 жылы учаскелердің переспективасы геологиялық-экономикалық бағалануы жүргізіліп, кейіннен жалғастырылады

2016 жылға арналған бұрғылау жоспарына сәйкес учаскеде тереңдігі 140-тан 300 метрге дейін, жалпы көлемі 3 200 қ.м 15 ұңғыма бұрғыланды, олардың нәтижелері бойынша метасоматикалық өзгерістер мен кварцтың тамырлануы бар қуаты 10-нан 35 метрге дейін сульфидтің шамалы минералдануының аймақтары анықталды. Бұрғылау жұмыстары аса жаңа «Dando Watertec» (Ұлыбритания) маркалы өздігінен жүретін көп функциялы екі бұрғылау қондырғысымен жүргізілді.