«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Корпоративтік басқару жүйесінің сипаттамасы

Print

«Қазгеология» АҚ-ның Корпоративтік басқару жүйесі «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару диагностикасының әдістемесінде, Standard&Poor’s агенттігінің әдістемесінде, ОЭСР корпоративтік басқару қағидаттарында және Ұлыбританияның Біріктірілген кодексінде белгіленген тәсілдер мен стандарттарды ескере отырып жасалынды. «Қазгеология» АҚ мыналарды қамтамасыз ететін қағидаттарға сәйкес корпоративтік қатынастарды дамыту міндеттемесін өзі қабылдайды:

- Жалғыз акционердің өз құқықтарын жүзеге асыруға нақты мүмкіндігі;

- Директорлар кеңесінің «Қазгеология» АҚ қызметіне стратегиялық басқаруды жүзеге асыруы және оның тарапынан «Қазгеология» АҚ атқарушы органдарының қызметін тиімді бақылауы, сондай-ақ Директорлар кеңесінің Жалғыз акционерге есеп берушілігі;

- «Қазгеология» АҚ атқарушы органдарына «Қазгеология» АҚ-ның ағымдағы қызметіне басшылықты және олардың «Қазгеология» АҚ Директорлар кеңесі мен Жалғыз акционерге есеп берушілігін ақылға қонымды және адал жүзеге асыру қажеттілігі;

- «Қазгеология» АҚ туралы, оның ішінде оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, меншік және басқару құрылымы туралы ақпаратты уақтылы ашып көрсету;

- «Қазгеология» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне тиімді бақылау;

-заңнамада көзделген «Қазгеология» АҚ қызметкерлерінің құқықтарын «Қазгеология» АҚ және қызметкерлері арасында әлеуметтік мәселелерді шешуде және еңбек шарттарын регламенттеуде әріптестік қатынастарды дамыту;

- «Қазгеология» АҚ активтерін ұлғайту мақсатында инвесторлармен, кредиторлармен және өзге де мүдделі тұлғалармен «Қазгеология» АҚ-мен белсенді ынтымақтасу.