«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Тәуекелдерді басқару жүйесі

Print

«Қазгеология» АҚ корпоративтік басқарудың негізгі құрамдауыштарының бірі ретінде тәуекелдерді басқарудың маңыздылығын сезіне отырып, «Қазгеология» АҚ стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізілуін, «Қазгеология» АҚ шығындары құнының азаюы мен пайда болуына жол берілмеуін қамтамасыз ететін «Қазгеология» АҚ тәуекелдерін басқару жүйесін енгізуге ұмтылады.

«Қазгеология» АҚ тәуекелдерді басқару үдерісінің мақсаты пайда алу мен шығынның алдын алу мақсатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалану арасындағы теңгерімге қол жеткізу болып табылады.

«Қазгеология» АҚ-да тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу қажетті инфрақұрылым мен мәдениеттің орнатылуы мен дамуын көздейді, сондай-ақ шығынның алдын алу және пайданы барынша көбейту мақсатында «Қазгеология» АҚ қызметінің барлық бағыттарына, функцияларына немесе үдерістеріне тән тәуекелдерді бірдейлендіру, талдау мен бағалау, мониторингілеу, бақылау және басқарудың қисынды әрі жүйелі әдістерінің қолданылуын қамтиды.

«Қазгеология» АҚ тәуекелдерді басқару үдерісінің негізгі элементі оны ұйымның өзіндік ерекшелігімен, қызметтің, бизнес-үдерістердің негізгі қағидаттарымен ықпалдастыру және тәуекелдерді басқару үдерісіне әрбір қызметкерді тарту болып табылады.

«Қазгеология» АҚ Директорлар кеңесі 2012 жылғы 30 мамырда (№5/12 хаттама) «Қазгеология» АҚ Тәуекелдерді басқару саясатын (бұдан әрі – Саясат) бекітті.

«Қазгеология» АҚ-ның тәуекелдерді басқару үдерісінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

тұтастығы – тәуекелдерді басқару жүйесінің бөлінісінде Қоғамның жиынтық тәуекелінің элементтерін қарау;

ашықтығы – тәуекелдерді басқару жүйесін автономды немесе оқшауланған ретінде қарауға тыйым салу;

құрылымдылығы – тәуекелдерді басқарудың кешенді жүйесі нақты құрылымы бар;

ақпараттылығы – тәуекелдерді басқару ақпараттың объективтілігі, растылығы және өзектілігінің болуымен сүйемелденеді;

үздіксіздігі – тәуекелдерді басқару үдерісі тұрақты негізде жүзеге асырылады;

циклдігі – тәуекелдерді басқару үдерісі оның негізгі құрамдауыштарын тұрақты қайталап жасайтын циклді білдіреді.

Саясатқа сәйкес «Қазгеология» АҚ-дағы тәуекелдерді басқару Тұжырымдамада берілген және мынадай схема бойынша құрамдауыштардан тұратын тұрақты, серпінді және үздіксіз үдеріс болып табылады:

«Қазгеология» АҚ-ның Басқармасы тоқсан сайын «Қазгеология» АҚ Директорлар кеңесі қарау және бекіту үшін «Қазгеология» АҚ-дағы тәуекелдерді басқару есебін ұсынады.

Өз қызметін жүзеге асыру кезінде «Қазгеология» АҚ саясаты шеңберінде «Қазгеология» АҚ-ның Жалғыз акционері және басқа да мүдделі тұлғалар үшін тәуекелдерді іске асырудың мүдделері мен салдарларын ескереді. Тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында «Қазгеология» АҚ Ішкі аудит қызметі «Қазгеология» АҚ-ның тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін, оның ішінде сыни тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі ағымдағы іс-шараларды жыл сайынғы бағалауын жүргізуді көздейді.

«Қазгеология» АҚ Директорлар кеңесі 2012 жылғы 30 мамырда (№5/12 хаттама) бекіткен «Қазгеология» АҚ-ның Тәуекелдерді басқару саясаты.