«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

«Қазгеология» АҚ-ның Басқармасы

Print

Басқарма Қоғамның алқалық атқарушы органы болып табылады және оның ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады, Қоғамның және оның Жалғыз акционерінің мүдделерінде әрекет етеді және соңғысына және Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді.

Басқарма қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Жарғымен, Корпоративтік басқару кодексімен және Қоғамның ішкі құжаттарымен айқындалады.

Басқарма төрағасы

Нұржанов Ғалым Жұмабайұлы

Компания жауап беретін мәселелер шеңбері: «Қазгеология» АҚ Жарғысына сәйкес компания қызметін жалпы басқарады, «Қазгеология» АҚ Директорлар кеңесі және Бірден-бір акционерлері алдында «Қазгеология» АҚ қызметі үшін жауапкершілік көтереді, сонымен қатар «Қазгеология» АҚ Басқармасын басқарады.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1980 жылдың  11 желтоқсаны

Білімі: С.Н. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін  «Пайдалы қазбалар  кен  орындарын жерасты жобалау» мамандығы, «тау-кен инженері» дәрежесі,  Е.А. Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультеті.

Компанияның акцияларын иеленуі: иелігінде жоқ.

Компанияның жабдықтаушылар және бәсекелестерінің акциялары иелігінде жоқ.

Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Жұмыс тәжірибесі: Еңбек жолын  1999 жылы  «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-інде үңгуші кенші болып бастады. 2002-2004 ж.ж. - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде Пайдалы қазбалар департаментінің жетекші маманы, бас маманы қызметін атқарды.  2004-2006 ж.ж. - «Dzet Group» ЖШС Астана қаласы бойынша филиалы өндірістік саласының сарапшысы. 2006 жылы  Астанадағы  «Raising Star Ltd» ЖШС-нің атқарушы директоры. 2006-2007 ж.ж. - «Концерн Найза-Құрылыс» ЖШС-і   тау-кен істері  бойынша жобалар жетекшісі - бас инженер. 2007-2008 ж.ж.  - «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Пайдалы қазбалар департаменті бас инженері, Қарағанды қаласы. 2008-2010 ж.ж. - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ Пайдалы қазбалар  және жер қатынастары департаментінің директоры . 2010-2011 ж.ж. - «Үшгер» тау-кен - химия компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. Шымкент қаласы. 2011-2012 ж.ж. - «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ атқарушы директоры. 2012 жылдың қазан айынан бастап  «Қазгеология»  Ұлттық геологиялық  барлау компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының  орынбасары, 2013 жылдың сәуір айынан басптап Басқарма төрағасы.

Басқарма төрағасының орынбасары

Қаулдашев Қадыржан Әміржанұлы

Компания жауап беретін мәселелер шеңбері: қоғамның өндірістік мәселелер бойынша қызметі мен Қазгеология АҚ филиалдарының жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1958 жылдың  02 мамыры

Білімі: Қазақ политехникалық институты (ҚазПТИ), мамандығы «Пайдалы қазбалардың кен орнын барлау технологиясы және техникасы», біліктілігі: тау-кен инженері.

Компанияның акцияларын иеленуі: иелігінде жоқ.

Компанияның жабдықтаушылар және бәсекелестерінің акциялары иелігінде жоқ.

Қосымша жұмыс істеушілігі және СД мүшелігі: жоқ.

Жұмыс тәжірибесі: 1980 жылдан 1989 жылға дейін ҚазСРО Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі, «Шығысқазгеология» ӨГБ, Семей кешенді геологиялық барлау экспедициясының бұрғылау шебері, инженер-технологы, бас инженері болып қызмет етті. 1992-1995 ж.ж. – «Тарбағатай» өндірістік-қаржы концернінің бас директоры. 1995-2006 ж.ж. – «Артель ТРУД» ЖШС Тау-кен өндіру кәсіпорнының өндіріс жөніндегі директор орынбасары. 2006 жылы ШҚО Большевик алтын кен орнын өндіруге Жер қойнауын пайдалану келісім-шарты бар, «Inter Gold Capital» ЖШС президенті. 2006-2007 ж.ж. – «Омега-Инвест» ЖШС тау-кен жобалары бойынша басқарушы директоры. 2007-2011 ж.ж. – «ДП «Актобе-Темир-ВС» ЖШС тау-кен өндіру компаниясының басқарушы директоры. 2011 жылдың қараша айынан бастап «Қазгеология» АҚ қызметін қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры, 2013 жылдың ақпан айынан бастап Басқарма Төрағасының орынбасары.

Басқарма төрағасының орынбасары

Нұрмағанбетов Бақытжан Сержанұлы

Компания жауап беретін мәселелер шеңбері: қоғамның қаржы-экономикалық, құқықтық және әкімшілік-кадр жұмысы мәселелері бойынша қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1970 жылдың  22 тамызы

Білімі: МСК және Еңбек министрлігіне қарасты Салааралық институты; Қарағанды экономикалық университеті, мамандығы «Құқықтану».

Компанияның акцияларын иеленуі: иелігінде жоқ.

Компанияның жабдықтаушылар және бәсекелестерінің акциялары иелігінде жоқ.

Қосымша жұмыс істеушілігі және СД мүшелігі: жоқ.

Жұмыс тәжірибесі: Еңбек қызметін 1992 жылы Қазақ мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында ғылыми қызметкер, аспирант ретінде бастады. 1994-1996 ж.ж. – Алматы қаласы Жетісу ауданының Салық комитетінің салық инспекторы. 1996-1999 жж. – Дүниежүзілік банк несиесі шеңберінде әлеуметтік қорғау жобасының директоры, бас экономист, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік департамент секторының меңгерушісі. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюталық-қаржы департаменті бөлімінің бастығы лауазымында қызмет етті. 2001-2003 ж.ж. - «Астанаэнергосервис» ААҚ Орталық аппаратында басшылық етті, келешектік дамыту бөлімінің бастығы болды (инвестициялық блок). 2003-2009 ж.ж. – коммерциялық құрылымдарда қызмет етті. 2009-2011 ж.ж. - «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ Басқармасының (бұдан әрі – «ИТТО» АҚ) мүшесі-басқарушы директоры. 2011 – 2013 ж. «ИТТО» АҚ президенті, «ИТТО» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 2013 жылдың наурыз айынан бастап «Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Басқарма Төрағасының орынбасары


Тағаш Елдар Бақытжанұлы

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Туған жылы: 01 наурыз 1980 ж.

Білімі: 2005 жылы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау инженері» мамандығы бойынша инженер біліктілігі беріліп, тәмамдаған. 2008 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті «Қаржы» мамандығы бойынша қаржы бакалавры біліктілігі беріліп, тәмамдаған.

Компания акцияларын иеленуі: иелігінде жоқ.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акциялары жоқ.

Қоса жұмыс атқаруы және ДК-гі мүшелік: жоқ

Жұмыс тәжірибесі: Еңбек қызметін 1997 жылы бастады және әртүрлі коммерциялық ұйымдарда қызмет атқарды. 2005-2006 жылдары «Аджип Казахстан Норт Каспиан оперейтинг компании НВ» компаниясында жергілікті билік органдарымен байланыс жөніндегі кіші кеңесші лауазымын атқарған. С 2006-2007 жылдары «Аджип Казахстан Норт Каспиан оперейтинг компании НВ» компаниясында Үкіметпен және өнімді бөлу жөнінгі уәкілетті органмен байланысты үйлестіруші әрі компания офисінің сервистік қызметі лауазымында жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары «Экскаватор» АҚ-тың Экономике және маркетинг жөніндегі вице-президенті лауазымын атқарды. 2010-2012 жылдары АО «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ-тың Астана қ. және Павлодар облысы филиалының директоры, содан соң «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ-тың Атырау өндірістік филиалының директоры лауазымдарын атқарды. 2012-2015 жылдары «ҚазТрансГазАймақ» АҚ орталық аппаратының басқарушы директоры болып жұмыс істеді, содан соң «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ-тың Атырау өндірістік филиалын басқарды, сондай-ақ «Интергаз-Орталық Азия» АҚ филиалының директоры лауазымын қоса атқарды.

2016 жылғы қыркүйектен бастап «Қазгеология» АҚ Басқармасы Төрағасының геология мәселелері бойынша кеңесшісі лауазымын атқарды. 2016 жылғы қазаннан бастап «Қазгеология» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары лауазымына сайланды.