«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Директорлар кеңесінің комитеттері

Print

Директорлар кеңесінің негізгі комитеттері консультативті-кеңесші органдар болып табылады және Директорлар кеңесі белгілеген міндеттерді орындауға арналған. Комитеттердің Директорлар кеңесінің атынан іс-әрекет жасауға құқығы жоқ, Қоғамның органы болып табылмайды және Қоғамның істерін басқаруға өкілеттігі жоқ.


Стратегиялық жоспарлау комитеті


Директорлар кеңесінің (бұдан әрі – Директорлар кеңесі) 03.07.2013 жылғы (№ 5/13 хаттама) шешімімен Директорлар кеңесінің консультативті-кеңесші органы болып табылатын, Стратегиялық жоспарлау комитеті құрылды. Стратегиялық жоспарлау комитеті әзірлейтін барлық ұсыныстар ұсынымдар болып табылады, олар Директорлар кеңесінің қарауына беріледі.

Директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, Стратегиялық жоспарлау комитетінің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау әрі шешім қабылдау үшін Бірден бір акционерге жіберіледі.


Тағайындау, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитеті


Директорлар кеңесінің 29.11.2016 жылғы шешімімен (№ 6/16 хаттама) Басқару және әлеуметтік мәселелер комитеті мен Тағайындау және сыйақылар комитеті Қоғам Директорлар кеңесінің консультативті-кеңесші органы болып табылатын Тағайындау, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитеті болып қайта құрылды. Тағайындау, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитеті әзірлейтін барлық ұсыныстар ұсынымдар болып табылады, олар Директорлар кеңесінің қарауына беріледі.

Директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, Тағайындау, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитетінің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау әрі шешім қабылдау үшін Бірден бір акционерге жіберіледі.


Аудит комитеті


Директорлар кеңесінің 03.07.2013 жылғы шешімімен (№ 5/13 хаттама) Директорлар кеңесінің консультативті-кеңесші органы болып табылатын, Аудит комитеті құрылды. Аудит комитеті әзірлейтін барлық ұсыныстар ұсынымдар болып табылады, олар Директорлар кеңесінің қарауына беріледі. Директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, Аудит комитетінің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау әрі шешім қабылдау үшін Бірден бір акционерге жіберіледі.