«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Директорлар кеңесі

Print

Директорлар кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі

Тоқтабаев Тимур Серікұлы

Туған күні: 26 қазан 1981 ж.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Мәртебесі — Директорлар кеңесінің мүшесі: Жалғыз акционердің өкілі

Білімі: 2003 жыл — ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясын тәмамдады; 2006 жыл — Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, «Қаржы» мамандығы бойынша; 2009 жыл — Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Пайдалы қазбалар кен орындары геологиясы және барлау» мамандығы бойынша тәмамдады; Қазақ гуманитарлық-заң университетінде заң ғылымын зертделеді.

Жұмыс тәжірибесі: 
2003-2006 жылдар — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарында қызмет етті.
2006 жыл — ҚР Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы басшысының орынбасары 2006-2008 жылдар — ҚР Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының кеңесшісі;
2008-2010 жылдар — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаментінің басқарма бастығы, директордың орынбасары;
2010-2011 жылдар — «Тау-Кен Самұрық» ұлттық таукен компаниясы» АҚ департамент директоры;
2011-2013 жылдар — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары;
2013-2016 жылдар — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті директоры;
2016 жылғы қаңтардан бастап — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің этике жөніндегі уәкілі;
2016 жылғы шілдеден бастап — ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі.

Компания акцияларын, сондай-ақ компания бәскелестерінің және жеткізушілерінің акцияларын иеленуі: иелігінде жоқ.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Төрағасы  

Нұрабаев Базарбай Қанайұлы

Туған күні: 16 қазан 1959 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Мәртебесі - Директорлар кеңесінің мүшесі: Жалғыз акционердің өкілі

Білімі: 1986 жылы Саратов Ауыл шаруашылығы механизациясы институтын «Гидромелиоративтік жұмыстар механизациясы» мамандығы бойынша үздік тәмамдады. 1994 жылы Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша тәмамдады, біліктілігі «Инженер-механик». 2003 жылы Қызылорда академиялық экономика, экология және құқық университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдады, біліктілігі «Заңгер». «Пайдалы қазбалар кен орындарын өндіру, геологиясы және пайдалану» мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі.

Жұмыс тәжірибесі: еңбек қызметін 1987 жылы Құмкөл базасы ПТОиКО инженері болып бастады, содан соң директоры, «Оңтүстікгаз» өндірістік бірлестігінің УПТОиКО басқармасы бастығы.
1997 жылдан бастап «Яксарт Петролеум» ЖШС директоры болып істеді.
1998-2000 жылдары ҚР МКМ Кеден комитетінде Орталық энергетикалық кеденнің бөлім бастығы,  Орталық энергетикалық кеден бастығының орынбасары, Орталық энергетикалық кеденнің бастығы болып істеді.
2000 жылдан бастап ҚР Энергетика және минералдық  ресурстар министрлігі «ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі бас диспетчерлік басқармасы» РМК директоры болып істеді. 2002 жылдан бастап АҚ, ЖШС-терде басшы қызметтерде болды.
2012 жылғы наурыздан бастап  ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі   Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы басшысы болып істеді.
2012 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы  Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Компания акцияларын, сондай-ақ компания бәскелестерінің және жеткізушілерінің акцияларын иеленуі: иелігінде жоқ.

Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы

Өтепов Эдуард Карлұлы

Туған күні: 2 қазан, 1953 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Мәртебесі - Директорлар кеңесінің мүшесі: Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігінің өкілі

Білімі: 1977 жылы Москва Болат және құймалар институтын тәмамдады, мамандығы бойынша инженере-металлург, техника ғылымдарының кандидаты. 

Жұмыс тәжірибесі: еңбек қызметін 1977 жылы Қазақ политехникалық институтының «Машина жасау технологиясы» кафедрасының зерттеуші-тағлымдамашысы болып бастады, ал 1979-1984 жылдары - Москва Болат және құймалар институтының аспиранты, Алматы энергетика институтының кіші ғылыми қызметкері. 1984-1991 жылдары – Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің органдарында қызмет етті. 1991-1994 жылдары – коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті Төрағасының орынбасары, содан соң Төрағаның бірінші орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитетінің Төрағасы. 1998-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары, Қазынашылық комитеті Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылауы комитеті Төрағасының бірінші орынбасары. 2000-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының бірінші орынбасары. 2006 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы. 

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен және  Қазақстан Республикасы Президентінің алғысымен марапатталған.

Компания акцияларын, сондай-ақ компания бәскелестерінің және жеткізушілерінің акцияларын иеленуі: иелігінде жоқ.

«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы

Нұржанов Ғалым Жұмабайұлы

Туған күні: 11 желтоқсан, 1980 жыл.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Мәртебесі - Директорлар кеңесінің мүшесі:  «Қазгеология» АҚ Басқарма Төрағасы.

Білімі: О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, мамандығы бойынша «Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіру», біліктілігі «таукен инженері». Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, экономика.

Жұмыс тәжірибесі: еңбек қызметін 1999 жылы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-те өткел қазушы (бұрғылаушы) болып бастады. Содан соң ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінде жетекші, бас маман болып жұмыс істеді. 2004-2006 жж. -  «Dzet Group» ЖШС-тің Астана қаласы бойынша филиалының өнеркәсіп саласындағы сарапшысы. 2006 жылы - «Raising Star Ltd» ЖШС-тің Астана қаласы бойынша филиалының атқарушы директоры. 2006-2007 жж. - «Найза-Құрылыс» концерні ЖШС-тің бас инженері – таукен істері бойынша жобалар басшысы. 2007-2008 жж. – «Сары Арқа» ӘКК» ҰК» АҚ Жер қойнауын пайдалану департаментінің бас менеджері, Қарағанды қаласы. 2008-2010 жж. - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ Жер қойнауын пайдалану және жер қатынастары департаментінің директоры, Шымкент қаласы. 2010-2011 жж. - «Үшгер» таукен химиялық компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 2011-2012 жж. - «Сары Арқа» ӘКК» ҰК» АҚ басқарушы директоры, Қарағанды қаласы. 2012 жылғы қазаннан бастап «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, 2013 жылғы сәуірден бастап Басқарма Төрағасы.

Компания акцияларын, сондай-ақ компания бәскелестерінің және жеткізушілерінің акцияларын иеленуі: иелігінде жоқ.

«Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы 

Баймишев Руслан Нурашевич

Туған күні: 8 қаңтар, 1980 ж.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Мәртебесі - Директорлар кеңесінің мүшесі: Жалғыз акционердің өкілі

Білімі: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты. Мамандығы – «Байланысты ұйымдастыру, арнайы байланыс бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану»; 2004ж. - «Фемида» заң академиясы, мамандығы - «Юриспруденция»;  2012ж. - Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті.

Жұмыс тәжірибесі:  2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы  Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы басшысының орынбасары, содан соң Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы басшысының орынбасары.

2013 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығының басшысы лауазымына тағайындалды. 

2014 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы  Инвестициялар және даму министрлігі «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы  болып қайта тағайындалды.

Компания акцияларын, сондай-ақ компания бәскелестерінің және жеткізушілерінің акцияларын иеленуі: иелігінде жоқ.

«Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институты» ЖШС-тің директоры

Өмірсеріков Мұрат Шүкейұлы

Туған күні: 01 қаңтар, 1954 ж.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Мәртебесі - Директорлар кеңесінің мүшесі: Жалғыз акционердің өкілі

Білімі: С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, 1977 ж., «физик» мамандығы бойынша, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, жаратылыс тану ғылымдарының академигі, Қр Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.

Жұмыс тәжірибесі: еңбек қызметін Павлодар және Талдықорған облыстарының білім беру жүйесінде бастады. 

1983 жылғы қарашадан бастап 1997 жылдары Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институтында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 1997 жылғы наурыздан бастап  Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары. 1999 жылдан бастап – Алматы технология және бизнес университетінің ректоры. 2008 жылдан бастап - Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ жанындағы Геологиялық барлау институтының директоры. 2011 жылдан бастап - Қ.И.Сәтпаев атындағы «Геология ғылымдары институты» ЖШС-тің директоры. 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуда сіңірген еңбегі үшін» өңірлік белгісімен, «ҚР жер қойнауын геологиялық зерттеуге қосқан жеке үлесі үшін «Жер қойнауын барлау үздігі» белгісімен, «Қазақстан Республикасының жер қойнауын құрметті барлаушысы» өңірлік белгісімен, «Еңбек Даңқы» медалімен, «ӘлФараби» атындағы медальмен марапатталған.

Компания акцияларын, сондай-ақ компания бәскелестерінің және жеткізушілерінің акцияларын иеленуі: иелігінде жоқ.

Al Falah Capital Partners бас инвестициялық директоры

Қилыбаев Дәулетхан Азімханұлы

Туған күні: 9 шілде, 1976 ж.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Мәртебесі - Директорлар кеңесінің мүшесі: тәуелсіз директор

Білімі: 1998ж. – Алматы мемлекеттік университеті, мамандығы «заңгер-құқық танушы».
2002ж. – Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясы, мамандығы «қаржы менеджменті».|
2006ж. – АҚШ, Нэшвилл қ-сы, Вандербильд университеті, Ойэн атындағы Бизнес мектебі (Іскерлік әкімшілік шебері).

Жұмыс тәжірибесі: 
1998 жылдан бастап - Астана қ-сы, «Астана қаржы» АҚ-тың заңгерлік бөлімі бастығының орынбасары.
2001 жылғы тамыздан бастап - А
2006-2008 жылдары – Москва қ-сы, Renaissance Capital инвестициялық банкі Инвестициялық банк қызметтері басқармасы бастығының орынбасары.
2008 жылғы мамырдан бастап 2011 жыл– Лондон қ-сы, Credit Suisse инвестициялық банкі, Құрылымдалған өнімдер және инвестициялық банк қызметтері басқармасы, вице-президент.
2011 жылғы ақпаннан бастап 2014 жылғы ақпан – «Қазақстанның Даму банкі» Басқарма Төрағасының орынбасары  (кредит беру және инвестициялық қызмет бойынша).
2013 жылғы тамыз – 2014 жылғы сәуір – Астана қ-сы, «ҚДБ Лизинг» АҚ-тың директорлар кеңесінің мүшесі.
2014 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін - Алматы қ-сы, Al Falah Capital Partners қазақстан-араб тікелей инвестициялар қорының бас инвестициялық директоры.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың құрмет грамотасымен марапатталған.

Компания акцияларын, сондай-ақ компания бәскелестерінің және жеткізушілерінің акцияларын иеленуі: иелігінде жоқ.

Жаратылыс тану тарихы мұражайы зерттеулерінің көшбасшысы (Лондон қ-сы)

Д-р. Рэймар Сэлтманн 

Туған күні: 16 шілде, 1958ж.

Мәртебесі - Директорлар кеңесінің мүшесі: тәуелсіз директор

Жұмыс тәжірибесі: 1984-1986 Bergakademie Freiberg, ГДР – студент PhD, зерттеуші.
1986-1991 Жер физикасы орталық институты, Потсдам, ГДР – зерттеуші.
1992-1999 GeoForschungsZentrum, GFZ Потсдам, Германия – Аға зерттеуші.
1996 г. Канаданың геологиялық қызметі –DAAD ғылыми қызметкері.
Карлтон университеті, Оттава, Канада – шақырылған профессор.
1999-2012 жж.   Жаратылыс тану тарихы мұражайы –  Петрология және пайдалы қазбалар кен орындары саласындағы зерттеуші.
2013 жылдан бастап - Жаратылыс тану тарихы мұражайы – Еңбек сіңірген зертеуші (Зерттеулер көшбасшысы).

Компания акцияларын, сондай-ақ компания бәскелестерінің және жеткізушілерінің акцияларын иеленуі: иелігінде жоқ.

«Қазгеология» АҚ-тың корпоративтік хатшысы 

Садықова Аида Еділқызы

Туған күні: 04 қазан, 1980ж.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Мәртебесі -  «Қазгеология» АҚ-тың корпоративтік хатшысы

Білімі: 2001 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдады отношения (үздік диплом),  2003 жылы сонда Жоғары магистр мектебін тәмамдады, Master of Public Administration (MPA) дәрежесін алды, 2007 жылы «Тұран» университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдады, 2007 жылы Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын (Москва қ-сы, РФ) тәмамдады, Doctor of Business Administration дәрежесін алды.

Жұмыс тәжірибесі: еңбек қызметін  2001 жылғы ақпанда Шығыс Қазақстан облысы   Энергетика, индустрии, телекоммуникациялар және и сыртқы экономикалық байланыстар басқармасында бастады, 2001 жылғы қыркүйектен бастап ҚР  Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде (әртүрлі жылдары Мемлекеттік  активтерді басқару департаментінде ұлттық компаниялармен жұмыс істеу бөлімінде, Ядролық энергетика, лицениялау және сыртқы байланыстар департаментінде атом өнеркәсібі және сыртқы байланыстар бөлімінде  эжұмыс істеді) жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімінде тағлымдамадан өтті, 2006 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ-тың Активтерді басқару департаментін,2007 жылдан бастап ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментін басқарды, 2009 жылғы шілдеден бастап  ҚР Индустрия және жаңа  технологиялар министрінің кеңесшісі лауазымына ауыстырылды, 2014 жылғы қазаннан бастап «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ-тың корпоративтік хатшысы болып тағайындалды. 

Байланыс телефоны: +7 (7172) 768008

E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек