«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Корпоративтік басқару

Print

«Қазгеология» АҚ-ның корпоративтік басқару жүйесі «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару диагностикасының әдістемесінде, Standard&Poor’s агенттігінің әдістемесінде, ОЭСР корпоративтік басқару қағидаттарында және Ұлыбританияның Біріктірілген кодексінде белгіленген тәсілдер мен стандарттарды ескере отырып жасалынды.

«Қазгеология» АҚ мыналарды:

- өз құқығын жүзеге асыруда Жалғыз акционердің нақты мүмкіндігін;

- Директорлар кеңесінің «Қазгеология» АҚ қызметін стратегиялық басқаруын жүзеге асыруды және «Қазгеология» АҚ атқарушы органдарының қызметіне оның тарапынан тиімді бақылауды, сондай-ақ Директорлар кеңесінің Жалғыз акционерге есеп берушілігін;

- «Қазгеология» АҚ-ның атқарушы органдарына «Қазгеология» АҚ ағымдағы қызметіне басшылықты ақылға қонымды және адал жүзеге асыру қажеттілігін және олардың «Қазгеология» АҚ Директорлар кеңесіне және Жалғыз акционерге есеп берушілігін;

- «Қазгеология» АҚ туралы, оның ішінде оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, меншік және басқару құрылымы туралы ақпаратты уақтылы ашып көрсетуін;

- «Қазгеология» АҚ қаржы-шаруашылық қызметіне тиімді бақылауды;

- «Қазгеология» АҚ қызметкерлерінің заңнамада көзделген құқықтарын, әлеуметтік мәселелерді шешуде және еңбек талаптарын регламенттеуде «Қазгеология» АҚ және қызметкерлер арасындағы әріптестік қатынастарды дамыту;

- «Қазгеология» АҚ активтерін ұлғайту мақсатында Қоғамның инвесторлармен, кредиторлармен және өзге де мүдделі тұлғалармен белсенді ынтымақтастығын қамтамасыз ететін қағидаттарға сәйкес корпоративтік қатынастарды дамыту міндеттемесін өзі қабылдайды.