«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Дневник IV Казахстанской Олимпиады Юных Геологов

IV Қазақстандық жас геологтар олимпиадасы салтанатты түрде жабылды

Print

2016 жылғы 13 тамызда Ақмола облысының Бурабай курорт аймағында, Қатаркөл кентіндегі «Жұлдызды» балалар сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған IV Қазақстандық жас геологтар олимпиадасын салтанатты түрде жабудың ресми рәсімі өтті.


Жабу рәсіміне ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы, «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акцонерлік қоғамының басшылары, Қазақстан өңірлерінен, сондай-ақ Ресейден, Татарстан Республикасынан және Қырғызстаннан командалар бар, 300-ге жуық балалар қатысты.


Жас геологтар олимпиадасы 2016 жылғы 5-13 тамыз кезеңінде өткізілді. Олимпиаданың негізгі ұйымдастырушыларының бірі «Жас геолог» корпоративтік қоры болды.


Бір апта бойы жас геологтар әртүрлі геологиялық пәндер, атап айтқанда, палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия және петрография, пайдалы қазбалар геологиясы және т.с.с. бойынша жарыстарға қатысты. Бұдан басқа, қатысушылар олимпиада шеңберінде қазақ халқының мәдениетімен және дәстүрлерімен танысты, көптеген мәдени әрі спорт іс-шараларына, көркем өнерпаздар конкурсына, сурет салу мен фотоконкурстарға қатысты.

IV Қазақстандық жас геологтар олимпиадасында Алматы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Өскемен, Петропавл қалаларының және т.б. командалар өкілдерінен тұратын 21 команда өз білімі мен өнерлерін көрсетті.


Бір апта бойы жас геологтар әртүрлі геологиялық пәндер, атап айтқанда, палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия және петрография, пайдалы қазбалар геологиясы және т.с.с. бойынша жарыстарға қатысты. Бұдан басқа, қатысушылар олимпиада шеңберінде қазақ халқының мәдениетімен және дәстүрлерімен танысты, көптеген мәдени әрі спорт іс-шараларына, көркем өнерпаздар конкурсына, сурет салу мен фотоконкурстарға қатысты.

IV Қазақстандық жас геологтар олимпиадасында Алматы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Өскемен, Петропавл қалаларының және т.б. командалар өкілдерінен тұратын 21 команда өз білімі мен өнерлерін көрсетті.

Жарыстар қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1 орында - "Кенді Алтай" (Өскемен қаласы) командасы, 2 орында - "Ақпан" командасы (Ақтөбе қ-сы), 3 орында - "Атырау" командасы (Атырау қ-сы).

Олимпиадаға қатысушылар іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сондай-ақ әділ қазылар әділдігін атап өтті.

Өзінің құттықтау сөзінде ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев жарысқа қатысушылардың болашақ мамандығын таңдауда оның ықпалы болатынын атап өтті.

"Болашақта көпшілігіңіз геолог мамандығын таңдап, жер қойнауын ашатын ізашарлар болатындарыңызға сенемін.Олимпиада жарыстары барысында өздеріңіздің нағыз геолог болуға дайындықтарыңыз бар екенін көрсете білдіңіздер: шатырлар орнатып, алау жақтыңыздар, маршруттар бағыттарын салып, шлих жудыңыздар, геологиялық қиықтар мен карталар жасадыңыздар. Сөйтіп геолог мамандығына бір табан жақындай түстіңіздер!»

«Жас геолог» корпоративтік қорының директоры Жанат Ысмайылова өзінің сөзінде жас геологтар олимпиадасын ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларға алғыс білдірді.

Салтанатты жабу рәсімі Олимпиада жеңімпаздарын марапаттаумен және мерекелік концертпен аяқталды.


Естеріңізге салайық, жас геологтар олимпиадасының мақсаттары – жас өркенге мамандық бағдарын беру, оқушылардың геологиялық ғылымдарды зерделеуге ынта-ықыласын ояту, геологияны ғылым ретінде де және оның қолданбалы мәнінде де кеңінен танымал ету, дарынды балаларды тауып, оларға қолдау көрсету, геологиялық экология мен жер қойнауын қорғау проблемаларына мектеп оқушыларының назарын аудару, жеткіншек ұрпақты отанды сүю әрі қадірлеп, қастерлеу рухында тәрбиелеу.

Ү Қазақстандық жас геологтар олимпиадасы 2018 жылы өтеді.

 

Жас геологтар арасындағы таланттар конкурсы

Print

Бүгін, 2016 жылғы 11 тамызда в Бурабайда Олимпиаданың басты ұйымдастырушысы «Жас геолог» корпоративтік қоры «Жұлдызды» балалар сауықтыру орталығының аумағында барлық қатысушылар мен қонақтарға арналған мәдени іс-шаралар өткізді.

“Той Қазан - 2016” ұлттық дәстүрлер жәрмеңкесінде жас геологтар қазақ халқының салттарымен, дәстүрлерімен және ғұрыптарымен таныстырылды, атап айтқанда, «Бесік салу», «Тұсау кесу», «Қыз ұзату» және т.с.с көптеген ұлттық ғұрыптар көрсетілді.

Сондай-ақ, балалар «Қол күресі», «Арқан тарту» сияқты ұлттық ойындарда күш сынасса, ал қыздар «Ару қыз» конкурсында өздерін өлең өнерінде көрсетті.

Бард әні фестивалінде балалар өздері алдын ала дайындаған үй тапсырмаларын көрсетті және авторлық әндерін көпшілікке шығарып, өнерлерін ортаға салды. Конкурс нәтижесі бойынша әділ қазылар үздік орындаушылар мен үздік әнді анықтады. Алматы қаласынан келген «Геолис» командасы «Біз – бақытты баламыз» авторлық әнімен жеңіске жетті. «Геология және біз» конкурсының нәтижесі бойынша әділ қазылар алқасы халықаралық командалар арасында жүлдегерлерді анықтады. Конкурста бірінші орынға «ГеоБарс» (Қазан қ-сы, РФ) ие болды, 2-ші орында - «Эдельвейс» командасы (Бішкек қ-сы, Қырғызстан), 3-ші орында - «Кузбасс» (Кемерово қ-сы, РФ) командасы.

Қазақстандық командалар арасында 1-орында – «42 Меридиан», 2-орында – «Асубұлақ» (Өскемен қ-сы), 3-орында – «Ақпан» (Ақтөбе қ-сы).

«Фотографиялар» конкурсында орындар былай бөлінді:

Халықаралық командалар арасында

1-орында – «Кузбасс» (Кемерово қ-сы, РФ) , 2-орында – «Геотек» (Томск қ-сы, РФ), 3-орында - «Странник» және «Эдельвейс» Қырғызстан командалары.

Қазақстандық командалар арасында

1-орында – «Асубұлақ» (Өскемен қ-сы), 2-орында – «Ақпан» (Ақтөбе қ-сы), 3-орында – «Индерборит» (Атырау) қ-сы және «Адамас» (Қызылорда қ-сы).

Сондай-ақ, мәдени іс-шаралар шеңберінде суреттер және тас қырып, жону өнерлерінен конкурстар өткізілді. Алдағы уақытта балалар мұнай мен газ іздеуден, радиометриядан консультациялар алып, жарыстарға қатысады, спорт жарыстары өткізіледі.

«Геолис» (Алматы қ-сы)командасының жеткшісі Айгүл Сәрсенбаева:

«Олимпиадға жеңіске жету үшін ғана емес, сонымен қатар үйрену үшін де келеді. Ең бастысы – балаларды қызықтыру. Біздің мақсатымыз – геологияны насихаттау. Әсіресе, балалардың қызықты іспен шұғылдануға құштарлығын ояту керек. Біз тек жарысқа қатысу үшін ғана емес, достар табу үшін келдік. Жаңа адамдармен жаңа өңірмен таныстық. Әр олимпиада сайын командалар саны көбеюде. Біз тек қазақстан командаларымен ғана емес, соынмен бірге қырғыз, ресей қатысушыларымен де таныстық».

Антон Толстиков, «ГеоБарс» командасының мүшесі, Қазан қаласы, Татарстан Республикасы: «Мен Ресей Федерациясының Татарстан Республикасынан келдім. Біз Қазан қаласының құрама командасының өкіліміз. Біздің команда Қазан федералдық университетінде орналасқан. Мұнда, Бурабайда өте әдемі, бәрі де жақсы ұйымдастырылған. Біздің команданың ұйытқысы зор . Қазір менің дайындық деңгейім өте жақсы

дәрежеде. Үш жыл оқу кезінде жақсы білім жинадым. Болашақ мамандығым геологиямен байланысты болады, сірә, геофизикамен шығар».

Мырзаханова Арина (Бішкек қ-сы), «Странник» командасының мүшесі: «Мен «Странник», Бішкек қ-сы, Қырғызстан, командасының мүшесімін. Олимпиада өтіп жатқан жер қатты ұнады. Таза ауа, қалың орман. Нағыз жаздық лагерь. Біз барлық командалармен достастық. Күн сайын іс-шаралар ұйымдастырушылар бізге арнайы дайындаған жарыстарға, конкурстарға және әртүрлі мәдени іс-шараларға қатысудамыз. Болашақта геолог болуы жоспарлаймын, осы сала маған ұнайды».

Жас геологтардың қазақстандық ашық даладағы олимпиадасы геология саласындағы болашақ кадрлар даярлау, оларға патриоттық тәрбие беру, Қазақстанның табиғаты мен минералдық байлықтарына ұқыпты көзқарас қалыптастыру мақсатында өткізілуде.


Олимпиада тақырыптары Жер туралы ғылымдар кешенін құрайтын табиғат танудың бір-бірімен өзара тығыз байланысты бөлімдерін қамтиды. Оқушылардың палеонтология, петрография, минералогия, кристаллография, геохимия, экологиялық геология, құрылымдық геология, тарихи геология, инженерлік геология, гидрогеология, пайдалы қазбалар геологиясы сияқты және басқа да геология бейініндегі ғылымдарындағы білімдерін іс жүзінде қолдануы мәселелері қамтылған.

 

IV Қазақстандық жас геологтар олимпиадасы «Шлих сынамасын алу», «Минералогия мен петрография» жарыстарының қорытындысы

Print

2016 жылғы 9-10 тамызда IV Қазақстандық жас геологтар олимпиадасы щеңберінде «Шлих сынамасын алу», «Минералогия мен петрография» жарыстары өтті. Әділ қазылар алқасы қорытынды жасап, олардың нәтижелерін шығарды.

«Шлих сынамасын алу» жарысы

Халықаралық командалар арасындағы жарыста жеке біріншілікте «Эдельвейс» (Бішкек қ-сы, Қырғызстан) командасының өкілі Олег Пасько бірінші орын алды, екінші орында – Екатерина Осипова «Геотек» (Томск қ-сы, РФ) командасынан, үшінші орында - «ГеоБарс» (Татарстан Республикасы) командасының өкілі Ренат Давлетов.

Осы жарыста жалпы командалық есепте «Геотек» командасы жеңіске жетті, 2 және 3-орындарды тиісінше «ГеоБарс» және «Кузбасс» (Кемерово қ-сы, РФ) командалары алды.

Қазақстан командалары арасындағы жарыста жеке біріншілікте Павел Вдовцов («Геолис» командасы) бәрінен озып шықты, екінші орында Руслан Ахметжанов - «42 Меридиан» командасының қатысушысы, Петропавл қаласынан. Үшінші орын Максим Бочарниковтың үлесіне тиді, «Сары Арқа» командасы, Қарағанды қаласынан.

«Шлих сынамасын алу» жарысының жалпы командалық есебінде командалар орындарды мынадай ретпен бөлісті: 1-орын -команда «Геолис» , 2-орында –«Ақпан» (Ақтөбе қ-сы) командасы, 3-орында –«42 Меридиан» ( Петропавл қ-сы) командасы.

Шлих сынамасын алу алмас бар және басқа кен орындарын іздеу кезінде негізгі әдістердің бірі болып табылады. Ол индикаторлар – минералдарын анықтау, олардың шашыраңқы шоғырларын табу және борпылдақ материалдар көздерін әрі оларды бұзу жолдарын анықтаумен, сондай-ақ қолайлы минералогиялық учаскелерді анықтаумен байланысты жалпы геологиялық мәселелердің бірқатарын шешуге арналған.

«Минералогия мен петрография» жарысы

«Минералогия мен петрография» жарысында «Геотек» командасы ең үздік нәтиже көрсетіп, ең жоғары балл алды да, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орынды «ГеоБарс» командасы иеленді, үшінші орын «Странник» (Бішкек қ-сы, Қырғызстан) командасының еншісіне тиді.

Қазақстан командалары арасындағы жарыста әділ қазылар алқасы бірінші орынды «Кенді Алтай» (Өскемен қ-сы) командасына берді, екінші орында – «Ақпан» командасы, үшінші орында –«Геолис» командасы.

Қызылорданың «Адамас» командасының қатысушысы Санжар Қайымов Олимпиадаға өзінің қатысуынан алған әсерін бөлісті: «Мені көптен бері геология қызықтыруда. Біз мұнда жетекшілерімізбен бірге өз қаламыздың намысын қорғауға келдік. Жарыстар өте қызық, өзімізге пайдалы көп мәлімет алдық. Бұдан бұрын теориялық білім алсақ, енді оны іс жүзінде Олимпиадада қолдандық, сөйтіп геологиядағы өз білімімізді толықтырдық».

Алматы қаласы «Геолис» командасынан Әсемай Ерментаева барлық командалардың жоғары дайындығын атап өтіп, өзінің жарысқа қатысуы туралы айтты: «Олимпиада өте көңілді өтуде. Қазақстанның әртүрлі қалаларынан әртүрлі командалар келді, сондай-ақ Олимпиадада халықаралық командалар да бар. Бәріміз достасып кеттік. Мен «Минералогии мен петрография», «Қауіпсіздік техникасы» және «Шатыр құру» жарыстарына қатыстым. Кеше «Геология маршрутынан» өттім. Жарыстарда білімнің маңызы өте зор. Мысалы, минералогияда ең бастысы – Моос шкаласын біліп, түстерді анықтай білу керек. Осы жарыстарда жүлделі орындарға ие болдық».

Жарысқа қатысушылардың көпшілігі, жарыстарда қас қағым сәт көп нәрсені шешеді, команданың ұйытқысы және әрине, сәттілік керек деп атап өтті.

Естеріңізге салайық, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған IV Қазақстандық жас геологтар олимпиадасы 5-14 тамыз аралығында Бурабайда «Жұлдызды» балалар сауықтыру орталығында өтуде. Олимпиадаға Қазақстан қалалары мен ТМД елдерінен 300-ге жуық балалар қатысуда.

 

IV Қазақстандық жас геологтар олимпиадасының аралық нәтижелері

Print

Жас геологтар олимпиадасының алғашқы үш күнінде өткізілген жарыстардың нәтижелері бойынша іс-шараны ұйымдастырушылар аралық нәтижелер қорытындысын шығарды.

Олимпиаданың алғашқы күні командалар арасында жеребе тасталып, алғашқы жарыстар өткізілді. Барлығы Олимпиадаға 21 команда қатысып, әрқайсысы өз қаласынан өкілдік еттеі, ал халықаралық қатысушылар өз елінен өкілдік етті.


Олимпиаданың алғашқы күнгі бағдарламаның шеңберінде «Дала тұрағын ұйымдастыру» жарысы өтті.  Конкурстың негізгі міндеті – шатыр тігу әрі алау жағу, бұл геолог мамандығы үшін бірден бір қажет машық.


Мысалы, жарыстың нәтижесінде үздік нәтижелер тіркеліп, жеңімпаздар анықталды. «Атырау» командасы шатыр тігуден ең үздік нәтиже көрсетті: 1 м.35 сек. және  алау жағудан да 4 мин. 26 сек.

Екінші орынды Астананың «Арландар» командасы алды, ол Ақтөбенің «Акпан» командасынан небәрі қас қағым сәт ұтты.


Халықаралық командалар арасында бірінші орында «Геобарс» Қазан қ-сы, (Татарстан), екінші орында  «Эдельвейс» Бішкек қ-сы (Қырғызстан), 3 орында «Геотек» командасы Томск қ-сы  (Россия). Шатыр тігудің үздік уақыты - 1 мин.39 сек және алау жағудан - 4 мин. 15 сек.


«Қауіпсіздік техникасы» жарысының қазақстандық командалар арасындағы нәтижелері:

1 орын –«Сармат»  командасы (Орал қ-сы)

2 орын–«Кенді Алтай» командасы (Өскемен қ-сы)

3 орын –«34 карат» командасы (Өскемен қ-сы)

Халықаралық командалар арасында

1 орын - «Геотек» командасы (Томск қ-сы, Россия)

2 орын –«Геобарс» командасы (Қазан қ-сы, Татарстан) 

3 место –«Эдельвейс» командасы (Бішкек қ-сы, Қырғызстан)


Әділ қазылар алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік қағидаларының негізгі ережелерін білуін бағалады. Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік қағидаларының теориялық білімін білуді де анықтады.


Сондай-ақ 2016 жылғы 7 тамызда «Гидрология» бойынша жарыстар өтті. Тапсырмаға сәйкес мұнда алдын ала гидрометриялық өлшемдер мен гидрологиялық байқаулар жүргізіп, өзен сағасы мен оның жағасындағы шөгінділер ерекшеліктерін сипаттап, өзендегі судың шығысын есептеу керек болды.


Әділ қазылар мынадай жеңімпаздарды анықтады:

халықаралық командалар арасында

1 орын – Гео Барс (Қазан қ-сы, Татарстан)

2 орын – Геотек (Томск қ-сы, Россия)

3 орын – Кузбасс (Кемерово қ-сы, Россия)

Қазақстан қалаларының командалары арасында 

1 орын – Сармат (Орал қ-сы)

2 орын – Асубұлақ (Атырау қ-сы)

3 орын – 42 Меридиан (Петропавл қ-сы)


Геологиялық жарыстар мен конкурстардан басқа, футболдан, волейболдан, баскетболдан жарыстар, сондай-ақ фотография  және сурет салудан конкурстар өткізілді.


Алдағы уақытта балалар  «Палеонтологиядан», «Мұнай мен газ іздеуден», «Геологиялық қиықтан» және т.с.с. жарыстарға қатысады.

Жас геологтар олимпиадасы а.ж. 14 тамызына дейін өтеді.


 

ІҮ Қазақстандық жас геологтардың ашық дала олимпиадасының ашылуы

Print

Бүгін, 2016 жылғы 6 тамызда Ақмола обылысының Бурабай курорт аймағындағы Қатаркөл кентіндегі «Жұлдызды» балалар сауықтыру орталығында ІҮ Қазақстандық жас геологтар дала олимпиадасының ашылу рәсімі өтті.


Салтаннаты ашу рәсіміне ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Геологиялық барлау компаниялары қауымдастығының басшысы Галина Баймаханова, «Қазгеология»АҚ Басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов, сондай-ақ Қазақстанның бүкіл өңірлерінен 300-ге жуық қатысушылар, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан командалары қатысты.


Қазақстанда жас геологтардың олимпиадасын өткізу іс-шараны ұйымдастырушылар, сондай-ақ күні бүгін геолог мамандығын таңдауға бекінген қатысушы оқушылар үшін дәстүрлі оқиғаға айналды.


Алғаш рет Қазақстанда жас геологтардың олимпиадасы 2010 жылы Өскеменде өткізілді. Ол - небәрі 7 команда қатысқан, шағын олимпиада болатын. Одан кейін 2012 жылы ІІ Қазақстандық олимпиада Қостанайда өткізілді. Командалар саны онға дейін көбейді. 2014 жылы өткен Жас геологтардың IІІ қазақстандық олимпиадасы барлық көрсеткіштер бойынша рекордтартық дәрежеге жетті. Қатысушылар саны көбейе түсті. Жоба мемлекеттік қана емес, сонымен бірге халықаралық маңызға ие болды. Қазақстан өңірлерінен 20 және таяу шет елдерден 6 команда осы іс-шараға белсене қатысты. Олимпиаданың ашылуы Алматы қаласында ТМД елдерінің Жер қойнауын барлау және пайдалану жөніндегі үкіметаралық кеңесінің XVIII сессиясы өтуімен орайласты. Сессияға қатысушылар олимпиаданың ашылу салтанатына қатысып, жиынды ұйымдастырушылар еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ, мұндай олимпиадаларды өткізудің геолог мамандығын кеңірек танымал етуге және жоғары оқу орындары мен колледждер үшін талапкерлер резервін жасауға мүмкіндік тудыратыны атап өтілді. Олимпиадаға қатысқан көптеген оқушылар геолог мамандығын таңдауға бекінді. Олимпиада өткеннен кейін көптеген қалаларда, тіпті кенттерде де жас геологтар үйірмелері ашыла бастады. Мысалы, Астана, Ақтау, Орал, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда қалаларында үйірмелер ашылды.


Биылғы жылы Жас геологтардың IV қазақстандық ашық дала олимпиадасы 2016 жылғы 5-14 тамыз аралығында Ақмола облысы «Щучинск-Бурабай» курорт аймағында орналасқан «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында өткізілмек. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Белоруссиядан командалар қатысатын болады.


Олимпиаданы салтанатты ашу рәсімі 2016 жылғы 6 тамызда өтеді.

Жас геологтар олимпиадасының негізгі мақсаттары мен міндеттері – геологияны ғылым ретінде және оның қолданбалы мәнін көпшілікке танымал ету, жастарға кәсіби бағдар беру, оқушылардың геология ғылымын зерделеуге ықыласын ояту, сондай-ақ дарынды балаларды анықтау, әрі оларға қолдау көрсету болып табылады.


Олимпиада бағдарламасына сәйкес жас геологтар әртүрлі геология пәндері бойынша, атап айтқанда, палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия мен петрография, пайдалы қазбалар геологиясы пәндері және т.с.с. бойынша жарысады. Бұдан басқа, көптеген мәдени әрі спорт іс-шаралары, көркем өнерпаздар конкурстары, сурет салу конкурсы, фотоконкурстар өткізілетін болады.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ-ның қолдауымен құрылған «Жас геолог» корпоративтік қоры негізгі ұйымдастырушылардың біріне айналды.

«Жас геолог» корпоративтік қоры барлық өңірлермен белсенді түрде ынтымақтастық орнатып, жас геологтар қызметін дамытуда. Сонымен қатар, аға буын дәстүрлерін сақтай отырып, жаңадан қосылғандарға қолдау көрсетуде. Мысалы, қазірдің өзінде көптеген өңірлер жергілікті деңгейде өздерінің олимпиадаларын өткізіп, республикалық жиындарға қатысатын үздіктерді іріктеуде. Сөйтіп, олимпиадаға қатысушылар арасындағы бәсекелестік пен жарысу рухы арта түсті.

2015 жылғы тамызда Тюменьде Х Бүкіл ресейлік жас геологтардың олимпиадасы өткізілді. ТМД және таяу шет елдер командалары арасында Қазақстан командасы бірінші орынға ие болды. 2015 жылғы қыркүйекте жас геологтар Бразилияда өткен IESO жас геологтардың халықаралық олимпиадасына алғаш рет қатысты. Қазақстан командасы қола медаль алды.

Осындай іс-шаралар өткізу геологтардың жаңа буындарын даярлауға әрі қалыптастыруға орасан зор ықпал жасайды. Әлбетте, геология саласындағы кәсіптік бағдарлау жұмысы – мемлекет пен қоғам тарапынан геология ғылымдарын көпшілікке танымал ету бағытында жасалған аса маңызды қадам. Өйткені, қазіргі таңда бұл сала өз ісінің кәсіби мамандарына аса зәру.