«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Дневник III Казахстанской Олимпиады Юных Геологов

III Казахстанская открытая олимпиада юных геологов

Print

Российские команды юных геологов участвовали в III Казахстанской открытой олимпиаде юных геологов, которая проходила в окрестностях города Алматы с 31 июля по 11 августа 2014 года. На Олимпиаде в предгорьях Заилийского Алатау в живописном лагере «Ак Ерке» собралось более 200 ребят из 5 государств – Казахстана, России, Узбекистана, Киргизстана, Таджикистана. Нашу страну представляли победители и призеры IX Всероссийской открытой олимпиады юных геологов - команды Пермского края, Республики Татарстан, Томской области. Российское геологическое общество (РОСГЕО) активно помогало как в подготовке команд, так и в формировании судейской бригады и апелляционной комиссии по просьбе организаторов Олимпиады. Начальник отдела ДЮГД РОСГЕО Шумкова В.М. делилась опытом проведения полевых олимпиад в России с представителями корпоративного фонда «Жас геолог». Председатель Татарстанского регионального отделения РОСГЕО Магдеев М.Ф., исполнительный директор Томского регионального отделения РОСГЕО Никитин А.Я. лично присутствовали на Олимпиаде  и оказывали моральную поддержку участникам.

С 2010 года количество казахстанских команд возросло в два раза, заметно повысился уровень подготовки юных геологов. Несомненно, этому способствовало то, что АО «Национальная геологоразведочная компания «Казгеология» взяла под свою опеку довузовскую геологическую подготовку школьников, был создан корпоративный фонд «Жас геолог», руководители команд стали активнее перенимать опыт своих российских коллег на олимпиадах и конференциях, проводимых по линии РОСГЕО. В то же время жаль, что Оргкомитет Олимпиады не пригласил специалистов, работавших судьями на предыдущих казахстанских олимпиадах (Усть-Каменогорск, 2010; Костанай, 2012)  и решил создавать судейскую бригаду заново, что на наш взгляд сказалось на оперативности и эффективности её работы.

Юные геологи, как и на Всероссийских олимпиадах, соревновались в умении строить геологические разрезы, проводить шлиховое опробование, определять минералы, горные породы и окаменелости и многом другом. Они сходили в учебный геологический маршрут, измерили расход воды в горной речке. Помимо геологических конкурсов ребята  смогли почувствовать себя настоящими джигитами и покататься верхом на лошадях, побывать  на высокогорном катке Медео, посетить музей литературного классика Казахстана Джамбула Джабаева и музей-заповедник «Танбалы» с наскальными рисунками эпохи бронзового века.

«Я очень благодарен организаторам Олимпиады за замечательные экскурсии и соревнования, встречи с известными в области геологии личностями, за возможность продемонстрировать свой потенциал, проверить свои силы», - отметил участник олимпиады из команды «Рудный Алтай» города Усть-Каменогорска  Евгений Демаков.

В лагере «Ак-Ерке» незабываемые дни провели  ребята из разных уголков Казахстана и соседних государств, некоторые впервые увидели заснеженные вершины летом и поразились красоте южного Казахстана. Чистый горный воздух, доброжелательное отношение персонала, интересные вечерние мероприятия, взаимная поддержка во время соревнований  сдружили  ребят из разных команд и, расставаясь, они говорили: «До встречи в Тюмени в 2015 году, на Х Всероссийской открытой олимпиаде юных геологов!»

Источник: официальный сайт Российского геологического общества

 

Торжественное закрытие III Казахстанской открытой полевой олимпиады юных геологов

Print

10 августа 2014 года в Алматинской области состоялась официальная церемония закрытия III Казахстанской открытой полевой олимпиады юных геологов, в котором участвовали около 300 детей из регионов Казахстана, а также команды из России, Узбекистана, Кыргызстана и Таджикистана.

В церемонии закрытия приняли участие руководители Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан, Комитета геологии и недропользования МИР РК, Национальной геологоразведочной компании «Казгеология».

В своем приветственном слове Заместитель Председателя Комитета геологии и недропользования МИР РК Ниязбек Курбанов отметил, что команды смогли увидеть традиции, историю и геологический опыт Казахстана, этой территории, который дает много возможностей для дальнейшего развития.

«Ведь неоспорим тот факт, что все страны, добившиеся успеха во второй половине 20-го века и начале 3-го тысячелетия, опирались на главный лозунг: «Образование - Наука - Инновации!». За 10 дней вы приобрели много опыта и много друзей. В целом, у нас есть неизученные территории, есть направления, к которым мы еще даже не подошли, речь идет и о глубоких горизонтах и о нетрадиционных видах полезных ископаемых. Сегодня олимпиада яркий показатель тому, как много делается в  наших странах для поддержки одаренной молодежи»,- отметил Ниязбек Курбанов.

В III Казахстанской открытой полевой олимпиады юных геологов показали свое знание 20 команд, Казахстан на состязаниях представило 14 команд из городов Алматы, Костанай, Атырау, Семей, Актобе, Уральск, Караганда, Усть-Каменогорска и Петропавловска.

Директор Корпоративного Фонда «Жас геолог» Жанат Исмаилова в своем выступлении  выразила благодарность организаторам и участникам III Казахстанской открытой полевой олимпиады юных геологов. «Такое событие позволяет собрать тех людей, которые должны общаться и передавать опыт друг-другу, опыт старших товарищей. Главное богатство нашего государства -  это люди и те недра, которые у нас есть»,- подчеркнула она.

В приветственном сообщении Заместитель Председателя АО «Казгеология» Кадыржан Каулдашев выразил уверенность, что участники Олимпиады, успешно закончив свое образование, войдут в интеллектуальную элиту своих стран. И важным этапом на этом пути станет участие и достижения на олимпиадах юных геологов.

«На олимпиаде я увидел ребят, готовых покорять новые вершины знаний, добиваться блестящих успехов. Всегда помните старую, как мир, истину - настоящего успеха в жизни добивается только тот, кто приносит пользу людям и своей стране»,- сказал Кадыржан Каулдашев.

Основными целями и задачами олимпиады юных геологов являются профориентация молодежи, повышение интереса учащихся к изучению геологических наук, популяризация геологии как науки и ее прикладного значения, выявление и поддержка одаренных детей, привлечение внимания школьников к проблемам геоэкологии и охраны недр, воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и любви к своей Родине.

В общекомандном зачете:

1 место – сборная команда «Геолис» город Алматы;
2 место – сборная команда «Адамант», город Алматы;
3 место – сборная команда «Геобайт», город Костанай.



IV Казахстанская открытая полевая олимпиада юных геологов пройдет в 2016 году.

 

Өзбекстанның «Ёш геолог» командасы

Print

Жас геологтардың ІІІ қазақстандық олимпиадасына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан командалары қатысты.

2008 жылы «Білім туралы» заңына сәйкес және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында Өзбекстан Республикасының Геология және минералдық ресурстар жөніндегі мемлекеттік комитеті «Ёшгеолог» жыл сайынғы республикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу туралы бірлескен қаулыны қабылдады. Осы шараға жалпы білім беретін мектептердің 6 – 9-сынып оқушылары қатысады. Республикалық Олимпиада Жер туралы ғылымды зерттеуге және сонымен бір уақытта геолог сияқты құрметті мамандыққа қызығушылықты тудырды. Олимпиада қатысушылардың геологиялық білімдерін үйлесімді дамытуға ықпал етіп, жаратылыс ғылымдарының әртүрлі тарауларының салаларында ой өрісін кеңейтуге арналған.

Ташкент қаласында және республиканың облыстарында орналасқан жалпы білім беретін мектептерде, геологиялық барлау экспедициялары орналасқан жерлерде Өзбекстан Республикасының Мемгеологиякомитеті «Ёш геолог» («Жас геолог») республикалық олимпиадасын өткізеді.

Алдыңғы Олимпиадалардың тәжірибесі көрсеткендей, бұл шара геологиядағы кадрлардың тапшылығы мәселесін шешуге жаңа күш береді, өйткені Олимпиадаларға қатысушылардың көбісі болашақта геологиялық бағыттағы жоғары және орта арнаулы оқу орталықтарына түсетін балалар-жасөспірімдердің геологиялық қозғалысына белсенді қатысушылар. Тау-геологиялық білімдерді насихаттау Өзбекстан Республикасының бүкіл аумағында кадрларды даярлаудың салалық бағдарламасына сәйкес іске асырылуда және 20 мыңнан астам оқушыларды қамтиды. Білім беру процесінің тәжірибеге бағытталған нысандарын мемлекеттік жалпы білім беретін мекемелер Жас геологтардың олимпиадаларын өткізу барысында жүзеге асырады.

«Біз – жақсы көршіміз, жақын адамдармыз. Қазақстан олимпиадасы жоғары деңгейде өткізілуде. Мұндай шаралар геологиялық ғылымдар саласында мамандарды даярлауға көмектеседі», - деп айтады «Ёш геолог» құрама командасының басшысы Эркинжон Игамбердиев.

 

Алматы қаласының «Геолис» және «Адамант» командалары

Print

Жас геологтардың ІІІ қазақстандық ашық далалық олимпиадасына Алматы қаласынан екі команда қатысуда – «Геолис» и «Адамант».

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің ақпараттық-аналитикалық орталығы жанындағы оқу-ағартушылық орталық оқушыларды жоғары оқу орнына кәсіптік даярлау және болашақта геология жұмыс істеу мақсатында 1997 жылы құрылды. Сол уақыттан бері жас геологтардың қозғалысына 200-ден астам оқушы қатысты. Кейіннен олардың көбісі өз тағдырын геологиямен байланыстырды. Ең бастысы туған өлкесінің табиғатын сүйетін және геолог секілді керемет маман болғысы келетін балаларға бастапқы геологиялық білім беру еді. Орталықтың ауыспайтын басшысы - Қазақстан Республикасының құрметті жер қойнауын барлаушысы Константин Диссель.

Жұмыс істегелі бұл орталық тек Қазақстанда ғана емес, ал оның аумағынан тыс жерлерде де танымал болды. Алматының оқушылары қатысқан алғашқы үлкен шара Санкт-Петербург қаласында өткен мектеп оқушыларының қалалық ашық геологиялық олимпиадасы болды, бұл шарада олар өздерін жақсы жағынан көрсете білді.

2005 жылы Алматы командасы Уфа қаласында жас геологтардың V бүкіл ресейлік олимпиадасына алғаш рет Қазақстан атынан шықты, одан кейін тәжірибе жинап, Таганрог қаласында жарысты, онда олар құмды сынау бойынша жарыстарда командалар арасында ІІІ орын және жекелей І орын алды.

2010 жылы Қазақстанда жас геологтардың І олимпиадасы тұңғыш рет өткізілді, бұл жарыстарда команда Семей қаласының геологиялық барлау

колледжінің командасынан шамалы ғана артта қалып, Томск қаласынан Ресейдің ең мықты командасымен бірге екінші орынды иеленді. Келесі жылы команда Томск қаласында өткен жас геологтардың VIII бүкіл ресейлік ашық далалық олимпиадасында командалық жарыстарда минералогия бойынша 4 орын, геологиялық бағытта 5 орын және құмды сынауда 7 орынды алып, ең үлкен табысқа қол жеткізді.

 

«Кенді Алтай» командасы

Print

Жас геологтардың ІІІ қазақстандық олимпиадасында Қазақстан атынан 14 команда өнер көрсетуде, олардың бірі Өскемен қаласының жас техниктері станциясының геологиялық үйірмесінің командасы. Бұл үйірме 30 жылдан астам уақыт бойы қызмет етуде. Соңғы жылдары ол талапкерлерді дайындап, Семей геологиялық барлау колледжімен бірге белсенді қызмет атқаруда. Олардың арасында – Жас геологтардың республикалық және бүкіл ресейлік олимпиадасының жүлдегерлері болып табылатын жас геологтар да бар.

Көптеген жылдар бойы балалар Өскемен маңайын зерттеді. Олар аумақтың геологиялық құрылысын және үлгілерді іріктеп, оның құрамындағы тау жыныстарын зерттеді. Бұның барлығы қазір үйірмешілердің геологиялық мұражайында көрсетілуде. Сондай-ақ бұл мұражай оны 30 жыл бұрын «Шығысқазжерқойнауы» облыстық кәсіпорнының геологиялық мұражайын басқарған Николай Алексеев ашқанымен танымал. Неше жылдан бері осы үйірмені Борис Евдокимов және Татьяна Светличная басқарып келе жатыр.

«Біздің минералдар мен тау жыныстарының тамаша оқу коллекциямыз бар. Бұл жердегі үлгілер мұражайларда сияқты ірі болмаса да, олар бойынша тас құрылымын зерттеуге болады. Оған қоса, мұражайымызда тіпті белгілі қоймаларда кездестіре алмайтын, өте сирек кездесетін үлгілер бар», - деп айтады үйірме басшылары.

«Мен олимпиада ұйымдастырушыларына алғысымды білдіргім келеді: керемет экскурсиялар мен жарыстар үшін, геология саласындағы әйгілі тұлғалармен кездесулер үшін, өз әлеуетімізді көрсету, күшімізді тексеру мүмкіндігі үшін», - деп айтты «Кенді Алтай» командасынан олимпиадаға қатысушы Евгений Демаков.

 

Жас геологтардың ІІІ қазақстандық олимпиадасының экскурсиялық бағдарламасы

Print

2014 жылдың 7 – 8 тамызында жас геологтардың ІІІ қазақстандық олимпиадасы аясында экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылған еді. Қатысушылар мен қонақтар Алматының бүкіл сұлулығын – Медеу, Қазақстан Республикасының Геологиялық мұражайын және Таңбалы петроглифтерін тамашалады.

Әлемдегі ең ірі «Медеу» биік таулы спорт кешені 1 700 метр биіктігінде Іле Алатауының бір аттас шатқалында орналасқан. Нысан 1972 жылы салынды, оның авторлық тобы – сәулетшілер мен инженерлер КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. 10 500 шаршы метр құрайтын мұз алаңы коньки тебу, доппен хоккей, мәнерлеп сырғанау және спорттың басқа да қысқы түрлері бойынша ірі жарыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Әлемнің ең үздік конькишілері алматылық мұзды «рекордтар фабрикасы» деп атағаны кездейсоқ емес, сондай-ақ бұл жерде әйгілі олимпиада чемпиондары мәнерлеп сырғанаушылар Ирина Роднина және Александр Зайцев өнер көрсетті, спидвей бойынша әлем чемпионаты өтті. «Медеуде» 120-дан астам дүниежүзілік рекордқа қол жеткізілді.

«Бұл жер өте көрікті, әдемі, құдіреттілігімен таң қалдырады. Ауасы таза, табиғаты ерекше. Біз 834 баспалдақты бағындырдық. Бұл сапар мәңгі-бақи есімізде қалады», - деп әсерімен Қостанай қаласынан олимпиадаға қатысушы Ернар Жақсылықов бөлісті.

Одан кейін балалар Қазақстан Республикасының Геологиялық мұражайына барды. Қазақстандағы алғашқы Геологиялық мұражайының негізін қалаушы деп Қаныш Сәтпаевті санауға болады, ол кендер мен минералдардың, әсіресе өнеркәсіптік игеру процесінде құрып бара жатқан объектілердің үлгілерін болашақта жинау мен сақтау үшін ғылыми әрі практикалық маңыздылығын болжаған еді.

Дәл осы адамның бұйрығымен қиын-қыстау 1942 жылы Ғылымдар академиясының Қазақ филиалының Геологиялық ғылымдар институты жанында ғылыми бағыттылығы бар және Қазақстанның геологиялық үлгілерінің саны мен әртүрлілігі бойынша талассыз көшбасшысы болып табылатын Геологиялық мұражай құрылды. 1969 жылы Қазақ минералдық шикізат институтының және Қазгеофизтрестің геологиялық коллекцияларының негізінде Геология министрлігінің тұрақты қызмет ететін ғылыми-техникалық көрмесі ұйымдастырылды.

1997 жылы геология министрі Серікбек Дәукейдің бастамасы бойынша көрме қайта жаңартылып, Қазақстан Республикасының Геологиялық мұражайы деп аталды. Жаңа мұражай 1997 жылғы 26 тамызда ашылды. Салтанатты ашу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Татарстан Республикасының Президенті Минтимер Шаймиев қатысты. Мұражайдың негізін бұрынғы көрменің ең үздік коллекциялық материалы, аумақтық геологиялық басқармалардың коллекцияларынан алынған кендер мен минералдардың ең тамаша үлгілері, жеке коллекциялардың экспонаттары құрайды.

Мұражайға арнап Геология министрлігі ғимаратының астыңғы қабаты қайта жөнделді. Мұражай дизайны мен интерьері бойынша бірегей жаңа үй-жайды ғана иеленбей, жаңадан жасалған сияқты болды, оның жаңартылған экспозициясына көзтартарлық ақпараттық-презентациялық бағыттылық берілді. Мұражай ұжымына Қазақстанның жер қойнауының байлығын көрнекі көрсету, оның геологиялық қызметтерінің жетістіктері туралы баяндау, геологиялық білімдерді және Жер туралы басқа да ғылымдарды көптеген келушілердің хабарына дейін жеткізу сияқты міндет қойылды. Ең үздік мұражай техникасымен жабдықталған, керемет заманауи дизайнымен және бірқилы интерьерімен ерекшеленетін, жоғары эстетикалық құндылығы бар геологиялық үлгілерін қамтитын жаңа мұражай қойылған міндеттерді керемет шешуде.

Балалар дәлізден негізгі бөлмелерге шахталарда адамдарды тасымалдауға арналған шахталық көтерме үлгілері бойынша жасалған лифт көмегімен түсті. Лифттен шыққан кезде мұражайдың Кіші залы ашылады, оның ішкі безендірілуі көлденең тау-кен өнімін – штректі қайталайды. Ерекше жарығы, тас қабырғалары, ағаш тіреулері, рельс жолының бір бөлігіне қойылған және неше түрлі кендер мен тау жыныстарының үлгілеріне толтырылған вагонша, жұмыс істеп жатқан машиналар мен механизмдердің дыбыстары жер астында жүрген сияқты әсер жасайды. Кіші залдың соңында, Қазақстанның пайдалы қазбаларының негізгі кен орындарының рельефтік картасының жанында, жоғары тұғырда Қазақстанның геологиялық мектебінің негізін қалаушы, Қазақстанның Ғылымдар академиясын ашқан және оның алғашқы президенті – Қаныш Сәтпаевтің мүсіні қойылған.

Келесі Үлкен залда Мұражайдың негізгі экспонаттары орналасқан. Минералдық коллекцияның көрмесінде Қазақстанның жер қойнауының байлығы, Жер планетасының геологиялық әртүрлілігі және жай «тас» сұлулығы туралы толық түсінік беретін минералдар мен кендердің қызықтырарлық үлгілері көрсетілген.

Минералдық коллекция витриналарының соңында қазақстандық ақық тастарының бірегей коллекциясы көрсетілген. Бүкіл зал алаңы бойынша орналасқан тумбаларда еліміздегі кен орындарынан әкелінген кендер мен минералдардың ірі габаритті үлгілерін тамашалауға болады. Дәл осы залда кинозал, білім беру геологиялық бағдарламалары бар компьютерлер, көптеген геологиялық процестерді көрнекі түсіндіретін макеттер, плакаттар, карталар, фотосуреттер орналасқан.

Залдың кеңейіп бара жатқан бөлігінде «Жердегі өмірдің даму тарихы» 15-метрлік көркемдеп суреттелген панорама орналасқан. Материалдарды баяндау қарапайымдылығы, мұражай экспонаттарының байлығы мен сан алуан түрлілігі кіші мектеп жасындағы баладан бастап кәсіпқой геологқа дейін кез келген келушіге өз білімінің деңгейіне сай келетін ақпараттық тауашаларды айқындауға мүмкіндік береді.

«Құпия төменге түскеннен басталады. Кен орындарының картасы, өте қызықты тастар, тарихқа дейінгі жануарларымен панно, Жер туралы фильм – бұның барлығы Жер құпиясын ашуға мүмкіндік берді», - деп белгіледі Томск қаласынан келген олимпиадаға қатысушы Максим Новиков.

Ең соңында балалар Қазақстан аумағындағы ең көне және маңызды орындарының бірі болып табылатын Таңбалы петроглифтеріне барды. Таңбалы петроглифтерінің ЮНЕСКО дүниежүзілік мұрасы объектілерінің тізбесіне енгізілуі кездейсоқ емес.

Таңбалы Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 160 км-де Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан. Шу-Іле таулары Іле Алатауынан Балқаш көлі мен Бетпақ-Дала шөліне дейін оңтүстіктен солтүстікке қарай жазылған. Таңбалы шатқалының көрікті бедері Шу-Іле тауларының геологиялық тарихы соңғы 100 миллион жыл бойы қалыптасқан. Бұл үдерісте тектоникалық қозғалыстар маңызды рөл атқарды.

Өткен ғасырдың елуінші жылдарының соңында Шу-Іле тауларының Таңбалы сайында беймәлім өркениеттің жартасқа салынған суреттері бар бірегей орын анықталды. Сайдың көбінесе төменгі бөлігіндегі ежелгі суреттер қола дәуіріне жатқызылған – петроглифтер галереясы үш жарым мың жыл бұрын салынған. Есептің ыңғайлығы үшін барлық суреттер шартты түрде жеті топқа бөлінді. Топтардың есебі сайдың басынан жүргізіледі.

Тылсым өркениет осы заманға жетпей, жойылып кетті, бірақ төрт мыңнан астам суретті қалдырды, бұл суреттерде ата-бабаларымыз өз тұрмысы мен дүниетанымын бейнеледі. Суреттерде жекелеген жануарлар мен адамдармен қатар, біртұтас өмір көріністері бейнеленді. Құрбандық шалу, салт-дәстүрлер, құнарлылыққа табыну, садақпен ату, салт атты суреттері өте қызықты.

Соңдай-ақ Таңбалыда қазіргі кезде бұл өңірде толығымен жойылып кеткен жануарлардың суреттері бар. Ғалымдардың айтуынша, бұл Пржевальский жылқысы, құлан, қабылан, қарақал, тоғай бұғы, тур, жолбарыс, қысқа мүйізді бизон, су текесі. Сондай-ақ аңыздағы қаһармандардың суреттері де қызықты, мысалы, жабайы (қар) адамдарының әйелдері, сондай-ақ, күн тәрізді бастары бар адамдар түріндегі құдайлар. Мүмкін, бұл абыздар болған шығар. Осы күнге дейін бар болғаны 26 сурет қана жетті.

Таңбалы ескерткіштерінің барлығы емес жақсы зерттелген, сондықтан осы жердің тарихына қатысты көптеген мәселелер әлі жауапсыз қалуда. Сайдың жанында қола дәуірінің (б.з.д. XI-Х ғасырлар) және алғашқы көшпенділердің (б.з.д. III ғасыр және б.з. II ғасыры) қорымдары мен қоныстары бар.

2004 жылдан бастап Таңбалы петроглифтері ЮНЕСКО дүниежүзілік мұрасының объектілері болып табылады.

«Осы жерге келгеннен кейін, біз тарихқа жақындаған сияқтымыз. Қатты ұнады, күшті әсер алдық», - деп айтты Душанбе қаласы командасының басшысы Мунира Шарипова.

 

«Гидрогеологиясы» жарысы

Print

2014 жылдың 6 тамызында Жас геологтардың ІІІ қазақстандық ашық далалық олимпиадасы төңірегінде «Гидрология» жарысы өтті. Жарыс Ұзын Қарғалы өзенінде өткізілді, «Ақ ерке» лагерінен 7 км қашықтығында.

Тапсырмаға сәйкес алдын ала гидрометрикалық өлшемдер мен гидрологиялық байқауларды өткізіп, өзен арнасы мен жайылым жылғаларының ерекшеліктерін сипаттап,  өзендегі су шығынын есептеу керек.

Лагерьдегі өмір күн тәртібіне сәйкес өтуде, және бір күннің ішінде көптеген шаруаларды тындыру керек. Таңертең жаттығулар мен дәмді таңғы асқа ұйықтап қалмау керек. Күндіз жарыстарға, сайыстарға, конкурстарға қатысуға және жазғы алаңда өтетін кешкі шараларға дайындалу керек. Күнде кешке таман жарыстардың қорытындыларын жариялайтын жиын өтеді.

Геологиялық конкурстар мен сайыстардан басқа, футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, дартс бойынша көптеген жарыстар өткізілуде.

Олимпиаданың осынша мазмұнды әрі қызықты бағдарламасы Олимпиаданы есте қаларлықтай оқиғаға айналдырады, жас геологтарға өз білімі мен күштерін бағалауға, жаңа достармен танысуға және жақсылап тынығып, денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік береді.

 

Соревнование "Геологический маршрут"

Print

5 августа 2014 года в рамках III Казахстанской открытой полевой олимпиады юных геологов прошло соревнование "Геологический маршрут". Старт соревнованиям был дан в предгорьях Заилийского Алатау.

В него входили: ведение маршрута, описание обнажения горных пород, отбор и упаковка образцов, определение полезных ископаемых. Это соревнование было одним из наиболее трудных: необходимо было быть предельно внимательным, сосредоточенным и с особой тщательностью применять полученные знания и умения.

Оценивалось умение проводить полевые геологические наблюдения по ходу маршрута, работать с топографической картой и геологическим компасом, ориентироваться на местности, выносить на карту точки наблюдения, измерять элементы залегания и мощности слоев горных пород, документировать обнажения, собирать и оформлять коллекции образцов минералов, горных пород и окаменелостей.

Для прохождения маршрута потребовалось вложить все знания. Ребята показали хорошие результаты.