«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

ІV Қазақстандық жас геологтар олимпиадасы

Print


Қазақстанда жас геологтардың олимпиадасын өткізу іс-шараны ұйымдастырушылар, сондай-ақ күні бүгін геолог мамандағын таңдауға бекінген қатысушы оқушылар үшін дәстүрлі оқиғаға айналды.

Алғаш рет Қазақстанда жас геологтардың олимпиадасы 2010 жылы Өскеменде өткізілді, оған небәрі 7 команда қатысқан – шағын ауқымдағы олимпиада болатын. Одан кейін 2012 жылы ІІ Қазстандық олимпиада Қостанайда өткізілді. Командалар саны онға дейін артты.2014 жылы өткен Жас геологтардың IІІ қазақстандық олимпиадасы барлық көрсеткіштер бойынша рекордтарға ие болды. Қатысушылар саны көбейді. Жоба мемлекеттік әрі халықаралық маңызға ие болды. Қазақстан өңірлерінен 20 және таяу шет елдерден 6 команда осы іс-шараға белсене қатысты. Олимпиаданың ашылуы Алматы қаласында ТМД елдерінің Жер қойнауын барлау және пайдалану жөніндегі үкіметаралық кеңесінің XVIII сессиясы өтуімен орайласты. Сессияға қатысушылар олимпиаданың ашылу салтанатына қатысып, жиынды ұйымдастырушылар еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ, осындай олимпиадаларды өткізу геолог мамандығын кеңірек танымал етуге және жоғары оқу орындары мен колледждер үшін талапкерлер резервін жасауға жәрдемдесетіні атап өтілді. Олимпиадаға қатысқан көптеген оқушылар геолог мамандағын таңдауға бекінді. Олимпиада өткеннен кейін көптеген қалаларда, тіпті кенттерде де жас геологтар үйірмелері ашыла бастады. Мысалы, Астана, Ақтау, Орал, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда қалаларында үйірмелер ашылды.

Биылғы жылы Жас геологтардың IV қазақстандық ашық дала олимпиадасы 2016 жылғы 5-14 тамыз аралығында Ақмола облысы «Щучинск-Бурабай» курорт аймағының «Жұлдызды» балалар денсаулық орталығында өткізіледі, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен командалар, сондай-ақ Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан және Белоруссиядан командалар қатысады.

Олимпиаданы салтанатты ашу рәсімі 2016 жылғы 6 тамызда өтеді.

Жас геологтар олимпиадасының негізгі мақсаттары мен міндеттері – геологияны ғылым ретінде және оның қолданбалы мәнінде көпшілікке танымал ету, жастарға кәсіби бағдар беру, оқушылардың геология пәндерін зерделеуге ықыласын ояту, дарынды балаларды анықтау әрі оларды қолдау болып табылады.

Олимпиада бағдарламасына сәйкес жас геологтар әртүрлі геология пәндері бойынша, атап айтқанда, палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия мен петрография, пайдалы қазбалар геологиясы пәндері және т.с.с. бойынша жарысады. Бұдан басқа, көптеген мәдени әрі спорт іс-шаралары, көркем өнерпаздар конкурстары, сурет салу конкурсы, фотоконкурстар өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ-тың қолдауымен «Жас геолог» корпоративтік қоры негізгі ұйымдастырушылардың біріне айналды.

«Жас геолог» корпоративтік қоры барлық өңірлермен белсенді түрде ынтымақтастық орнатып, жас геологтар қызметін дамытуда әрі аға буындар дәстүрлерін сақтап, жаңадан қосылғандарға қолдау көрсетуде. Мысалы, қазірдің өзінде көптеген өңірлер жергілікті деңгейде өздерінің олимпиадаларын өткізіп, республикалық жиындарға қатысатын үздіктерді іріктейді, сөйтіп олимпиадаға қатысушылар арасындағы бәсекені арттырып, жарыс рухын көтереді.


2015 жылғы тамызда Тюменьде Х Бүкіл ресейлік жас геологтардың олимпиадасы өткізілді. ТМД және тяу шет елдер командалары арасында Қазақстан командасы бірінші орынға ие болды. 2015 жылғы қыркүйекте жас геологтар Бразилияда өткен IESO жас геологтардың халықаралық олимпиадасына алғаш рет қатысты. Қазақстан командасы қола медаль алды.

Осындай іс-шаралар өткізу геологтардың жаңа буындарын даярлау әрі қалыптастыруға орасан зор ықпал жасайды. Әлбетте, геология саласындағы кәсіптік бағдарлау жұмысы – мемлекет пен қоғам тарабынан геология ғылымдарын көпшілікке танымал ету бағытында жасалған аса маңызды қадам, өйткені қазіргі таңда бұл сала өз ісінің кәсіби мамандарына аса зәру.

Бізге мыналар қолдау көрсетті: