«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Ғылыми зерттеулер

Print

Қоғамның ғылыми зерттеулерінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1. Жер қойнауының геологиялық құрылымы саласындағы жаңа білімдерді алуға бағытталған және оларды зерттеу мен пайдалану әдістерін технологиялық, экономикалық және әлеуметтік дамыту мүмкіндігін беретін терең және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.

2. Жұмыс сапасын және жер қойнаулары туралы алынатын геологиялық ақпаратты басқарудың ғылыми негіздері, ұйымдастырушылық іс-шараларын, технологиялық үрдістерін және техникалық құралдарын жасап шығару.

3. Жаңа тиімді іздестіру жұмыстарының орналасуын сенімді геологиялық негіздеу мақсатында геологиялық зерттелгендігін талдау әдістемелерін талдау және жетілдіру.

4. Жер қойнаулары туралы геологиялық ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және пайдаланудың теориялық негіздерін, сонымен қатар технологияларын, нормативтері мен техникалық құралдарын жасап шығару.

5. Жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға және геологиялық білімдерінің таралуына себепші болатын редакциялық-баспа қызметі.

6. Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне және геологиялық кәсіпорындар мен ұйымдарға ғылыми-консультациялық көмек көрсету.