«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулер

Print

2012 жылы «Қазгеология» АҚ Жезқазған – Бейнеу жаңа теміржол бағытының (Жезқазған – Сексеуіл және Шалқар – Бейнеу учаскелері) құрылыс нысаны бойынша «Жезқазған – Бейнеу жаңа теміржол бағытының (Жезқазған – Сексеуіл және Шалқар – Бейнеу учаскелері) разъездері мен станцияларын сумен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу жобасын» әзірледі.

2013 жылы Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті өткізген конкурс қорытындысы бойынша «Қазгеология» АҚ Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында елді мекендерді жер асты судың қорларымен қамтамасыз ету, кен орындарын қосымша барлау үшін іздеу-барлау жұмыстарының 14 жобалау-сметалық құжаттамасын әзірледі.

2013 жылы «Қазгеология» АҚ Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында Октябрьский су тарту құрылысында жер асты сулардың пайдалану қорларын есептеуге геологиялық барлау жұмыстарының жобасын, Шығыс Қазақстан облысындағы Пионерск су тарту құрылысының жер асты суларын өнеркәсіптік әзірлеу жобасын даярлау бойынша жұмыстарды жүргізді.

2014 жылы Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті өткізген конкурс қорытындысы бойынша «Қазгеология» АҚ Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында елді мекендерді жер асты судың қорларымен қамтамасыз ету, кен орындарын қосымша барлау үшін іздеу-барлау жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, М-42-XXVI парағының (Қарағанды облысы, 5425 шаршы км) инженерлік-геологиялық зерттеулерімен гидрогеологиялық жете зерттеуге 9 шарт жасасты. Жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

2014-2015 жылдары «Қазгеология» АҚ Шығыс Қазақстан облысында мәлімделген қажеттілігімен құю үшін Жеменей минералдық жер асты сулардың кен орнының пайдалану қорларын қайта бағалау бойынша жұмыстарды жүргізеді.