«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Геологиялық зерттеу

Print

«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ-ның Даму стратегиясына сәйкес геологиялық барлау жұмыстарын және ғылыми іздеулерді жүргізу жолымен Қазақстан Республикасының минералдық шикізат базасын молықтыру негізгі стратегиялық мақсаты болып табылады.

«Қазгеология» АҚ үшін басымды міндеттер мемлекеттік бағдарламалық құжаттарға сәйкес белгіленеді: Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2010-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасында минералдық шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама.

Геологиялық барлау жұмыстарының толық циклін ұсыну Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің өндірілген қорларын толтыру жөніндегі мемлекеттік міндеттердің шешімі шеңберінде де, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ тобы ұлттық компанияларымен және жер қойнауын пайдаланушы - басқа да компаниялармен экономиканың шикізат және өнеркәсіп секторларын дамытуға жәрдемдесу үшін жеке әріптестік шеңберінде тапсырыстарды орындау үшін де жүзеге асырылатын болады.

Көмірсутегі шикізаты, қатты пайдалы қазбалар және жерасты сулары салалық бағдарламаларда қойылған міндеттерге сәйкес және тапсырыс берушінің қажеттіліктерін ескере отырып ГБЖ жүргізу сатыларымен ГБЖ жүргізу объектілеріне айналады.

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде Компания барлау сатысына дейін екі саты бойынша қызмет көрсететін болады: 1-саты – өңірлік жұмыстарды жүргізу, 2-саты – іздестіру, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстары. Жеке меншік сектордан тапсырыс алынған жағдайда барлау сатысында қызмет көрсетілуі мүмкін.

1-сатыда мыналарды қамтитын жер қойнауының өңірлік геологиялық зерттеу жүргізетін болады:

- ірі геологиялық құрылымдарды бөлуге мүмкіндік беретін орта ауқымды геологиялық картаға түсіру (ауқымы 1: 200 000), Р3 және Р2 санатындағы болжамды ресурстарды айқындай отырып пайдалы қазбалардың кен орындарын анықтауға мүдделігі бар кен тораптары. Осы кіші сатыда алаңдарды геологиялық зерттегенге дейін (АГЗ-200) және ауқымы 1 : 200 000 тереңдетілген геологиялық картаға түсіру (ТГК-200) бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

АГЗ- 200 жүргізу жұмыстардың барлық кейінгі сатылары үшін негіз болып табылады. Барлығы, 2012-2014 жылдар кезеңінде Қазақстанда жалпы алаңы 93,6 мың шаршы км 20 номенклатуралық бет аумағында өңірлік геологиялық зерттеулер жүргізу жоспарлануда.

Осы кезеңде 43,87 мың шаршы км алаңында ТГК-200 жүргізу жоспарланып отыр.

- ауқымы 1 : 200 000 кен аудандарын геологиялық-минерагеникалық картаға түсіру (ГМК - 200). Жүргізілетін жұмыстардың нәтижесі қазіргі заманғы геологиялық негізді құру, пайдалы қазбалардың әртүрлі түрлерінің болжамды ресурстарын айқындау, қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашуға перспективалы құрылымдар мен алаңдарды анықтау болады.

2012-2014 жылдары 38, 2 мың шаршы км көлемінде ГМК-200 жүргізу жоспарлануда.

Өңірлік жұмыстарды жүргізу нәтижелері бойынша мынадай көлемде ҚПҚ басымды түрлері бойынша 2012-2014 жылдар кезеңі ішінде ресурстардың өсімін болжап отыр: алтын – 325,6 тонна, мыс - 3,3 млн.тонна, полиметалдар - 16,1 млн. тонна.

2-сатыда іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстары орындалатын болады. Осы сатыда P1 санаты бойынша олардың болжамды ресурстарының немесе алдын ала техникалық-экономикалық бағалауды алған С2 санатының қорларының да бағалауымен бұған дейін бөлінген учаскелер зерттеледі.

Қазақстан Республикасында минералды-шикізат кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпы алаңы шамамен 9,1 мың шаршы км учаскелерде іздестіру, іздестіру-бағалау жұмыстары жүргізілетін болады, нәтижесінде мынадай санда пайдалы қазбалар қорларының өсімі күтілуде: алтын – 68 тонна, мыс - 430 мың тонна, полиметалдар – 450 мың тонна.

3-сатыда алынған тапсырыстарға байланысты геологиялық барлау жүргізу бойынша қызметтер көрсетілуі мүмкін. Осы саты С1 немесе В өнеркәсіп санаттары бойынша қорларды бағалауға мүмкіндік беретін алдын ала және егжей-тегжейлі барлау жүргізуді көздейді.