«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Бұрғылау жұмыстары

Print

Бұрғылау арқылы барлау жұмыстарына геологиялық қызметпен қойылатын негізгі талап толық бағалы кондицияға сәйкес кернді іріктеу және жобалап қойылған барлау желісі бойынша кен жиналған жерлердің түбірін ұңғымалармен жоюдың жоғары нақтылығы болып табылады. Жоғары сапалы геологиялық ақпаратты алудан басқа, қолданылатын техникалық-технологиялық құралдар техникалық-экономикалық міндеттің тиімді шешілуін – бұрғылау жұмыстарының құнын азайту кезінде ұңғыманың жоғары ұңғымалау өнімділігін қамтамасыз ету керек. Қаттылығы орташа және жоғары жыныстарды бұрғылау арқылы барлау кезінде аталған геологиялық-техникалық міндеттердің кешенді шешіміне PQ (114 мм), HQ (96 мм), NQ (75,7 мм) өлшем-типті алмалы-салмалы керн қабылдағыштармен (ССК) қос-үш бағанды құралды пайдалану арқылы жетуге болады.

Қазақстанда іздестіру-барлау ұңғымалары көлемінің жартысына жуығы ССК-NQ кешенімен бұрғыланады. Керннің әр түрлі бағанды жинақтамалармен іріктелуін қамтамасыз ету үшін төтенше күрделі геологиялық жағдайларда HQ немесе PQ қорытынды диаметрі қабылдануы мүмкін. 2012 жыл ішінде «Қазгеология» АҚ Адаев, Коппоткин, Ельтаев кен орындарындағы темір рудаларын бағалау жұмыстарының жобасы бойынша тау-кен компаниясымен бірге 2012-2013 жылдарға жоспарланған геологиялық барлау ұңғымаларының саны бұрғыланған. Бұл жұмыстар LF-90C бұрғылау станоктарымен NQ бағанды алмазды бұрғылау арқылы (қос бағанды құбырмен) жүргізілген, сыйымды жыныстар бойынша керннің орташа есеппен шығысы 90% құрады, ал рудалық аймақ бойынша 95% құрады, бұл керн шығысының пайызы геологиялық қызмет талаптарын қанағаттандырады.

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласындағы 040 «Аймақтық, геологиялық-түсіру, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстары» бюджеттік мемлекеттік бағдарламаны орындау бойынша «Селетин» кен орнын бұрғылау қарастырылған, 2012 жылғы көлемдер бойынша жұмыстың бір бөлігі орындалған, осы жоба бойынша жұмыстың екінші бөлігі орындалу кезеңінде.