«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Стратегия

Print

«Қазгеология» АҚ миссиясы – ұзақ мерзімді келешектегі мемлекеттің экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасындағы геологиялық саланың минералдық-шикізаттық базасын, кадрлық, өндірістік, техникалық, ғылыми әлеуетін дамыту жөніндегі мемлекеттің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру болып табылады.

«Қазгеология» АҚ-ның 2022 жылға қарай көзқарасы -  жер қойнауын геологиялық зерттеу саласында өзекті құзыреттіктерге, озық технологияларға ие және Қазақстан Республикасының мүдделігінде жоғары сапалы геологиялық барлау жұмыстарын жүзеге асыратын ұлттық геологиялық барлау компаниясы:

1. «Қазгеология» АҚ – жер қойнауларын геологиялық зерттеудің және минералдық-шикізаттық базаның орнын толтырудың тиімді мемлекеттік жүйесінің негізгі элементі.
2. «Қазгеология» АҚ – геологиялық саладағы технологиялық, ғылыми-зерттеу және кәсіптік құзыреттіктер орталығы.

«Қазгеология» АҚ өз қызметінде мына құндылықтарға сүйенеді:

- минералды ресурстарды дамыту саласындағы мемлекет мүдделерінің басымдылығы: пайдалы қазбалардың басым түрлерін барлау бойынша мемлекеттік бастамаларды қолдау және жүзеге асыру;
- технологиялығы және инновациялығы: озық технологиялар мен инновацияларды енгізу;
- нәтижеге бағдарлануы: мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылардың талаптарына барынша сәйкес келетін, сапалы қызмет көрсету;
- әлеуетті мүмкіндіктерді пайдалану: нарықтың басқа қатысушыларымен синергия ізденісінде болу және одан арғы дамыту келешегінің үздіксіз ізденісінде болу;
- айқындылығы мен есептілігі: мүдделі тұлғаларға орнатылған тәртіпте қажетті ақпаратты ашу, айқын мониторинг және есептілік жүйесі;
- корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі: еңбек қауіпсіздігі, жұмыс орындарын құру, қоршаған ортаны қорғау және қоғаммен өзара әрекеттесу.