«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Кадр саясаты

Print

Қоғам қызметкерлері – басты байлық.

«Қазгеология» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) адами ресурстарды басқару саласындағы дамуының негізгі бағыттары, құныдылықтар мен қағидаттары, кадр саясатының міндеттері, сондай-ақ кадр саясатын іске асырудың негізгі көрсеткіштері «Қазгеология» АҚ-ның 2012-2015 жылдарға арналған кадр саясатында (бұдан әрі – Кадр саясаты) айқындалған.

Кадр саясатының мақсаты:
кәсіби және тиімді кадрлар құрамын қалыптастыру, Қоғамның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін адами ресурстарды тиімді басқару және дамыту.

Кадр саясатының негізгі бағыттары:
  • жоспарлау, кадарларды іріктеу және орналастыру;
  • персоналды оқыту және дамыту;
  • кәсіби кадр резервін құру және дамыту;
  • уәждеу және тиімділікті арттыру жүйесін енгізу;
  • тиімділікті басқару, қызметкерлерді уәждеу;
  • корпоративтік мәдениет қағидаттарын енгізу;
  • персоналдың тартылуын арттыру.

Кадр саясатының құндылықтары:
қызметкерлердің кәсібилігі, олардың еңбектерінің тиімділгі, өзара қолдау, өзара құрмет пен сенім, командада ынтымақтастықта және жұмыс істеу мақсатында болуы корпоративтік құндылықтар болып табылады.

Кадр саясатының негізгі қағидаттары:
  • өзара қатынастардың ұзақ мерзімді сипаты;
  • қызметкерлердің лауазымдық талаптар біліктілігіне сай болуы;
  • Қоғамның және қызметкерлердің мүдделері мен мақсаттарының өзара байланысы;
  • білім мен тәжірибенің сабақтастығы, қызметкерлерді дамыту мен оқытуға ден қою;
  • сіңірген еңбегі мен қызметінің қол жеткізген нәтижелері бойынша сыйақы және ілгерілету.
Уәждеу мақсатында қызметкерлерге денсаулығын сақтау мен жақсарту жағдайларын, тұрғын үй жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік пакет ұсынылады.

Кадр саясатының осы бағыты келесі міндеттерді іске асыруды көздейді:
  • қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесін әзірлеу/жетілдіру;
  • қызметінің нәтижелерімен байланыстырылған қызметкерлерге сыйақы жүйесін (бонустар мен сыйлықақылар) әзірлеу/жетілдіру;
  • қызметкерлердің қызметін бағалау рәсімін әзірлеу және енгізу;
  • басшы және басқару қызметкерлері үшін қызметінің негізгі көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту;
  • қойылған міндеттер мен мақсаттардың орындалуын мониторингілеу және бақылау, қызметкерлердің қызметінің нәтижелелігін бағалау жүйесін енгізу;
  • қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жүйесін әзірлеу/жетілдіру;
  • еңбек заңнамаларына сәйкес қызметкерлерге кепілдіктер мен өтемақы төлеуді қамтамасыз ету.
Бос қызмет орындары
Түйіндеме қалдыру