«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Компания активтері

Print

«Қазгеология» акционерлік қоғамы қызмет үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының тиiстi аймағында 5 аймақтық филиалдар құрған:

1. «Қазгеология» АҚ «Шығысгеология» аймақтық филиалы;
2. «Қазгеология» АҚ «Батысгеология» аймақтық филиалы;
3. «Қазгеология» АҚ «Солтүстікгеология» аймақтық филиалы;
4. «Қазгеология» АҚ «Оңтүстікгеология» аймақтық филиалы;
5. «Қазгеология» АҚ «Орталықгеология» аймақтық филиалы.

Филиалдардың негізгі қызмет түрлері мыналар болып табылады: геологиялық барлау жұмыстары, соның ішінде:

  • аймақтық геологиялық-түсіру жұмыстары;
  • қатты пайдалы қазбалар, уран, көмірсутекті шикізат, жерасты суларын қоса алғанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлерін іздестіру-бағалау жұмыстары; жер асты суларын іздестіру-барлау жұмыстары.

Филиалдардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1. «Қазгеология» АҚ жоспарларына сәйкес аймақтық, іздестіру, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстарының іске асырылуын қамтамасыз ету;
2. «Қазгеология» АҚ мердігерлерінің келісім-шарттық міндеттемелерін және жұмыс жоспарларын орындауын мониторингтеу және бақылау, «Қазгеология» АҚ мердігерлерінің жобалық шешімдерді орындауын бақылау, әдістемелік нұсқауларды қадағалауын, жұмыстарды сапалы жүргізуін бақылау;
3. өз құзыреттігі шегінде аймақтар бойынша геологиялық ақпаратқа талдау жүргізу және қорытындылау;
4. Филиал және «Қазгеология» АҚ құзыреттігіне қатысты мәселелер бойынша келісім-шарттар мен келісімдер шеңберінде жобаларды дайындауға және іске асыруға қатысу;
5. «Қазгеология» АҚ қызметін жоспарлау үшін нысандар мен жұмыс көлемдері бойынша негіздемемен бірге ұсыныстар дайындау;
6. «Қазгеология» АҚ атқаратын аймақтық, іздестіру, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу кезінде далалық зерттеулерге қатысу;
7. аймақтық іздестіру, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстарының нысандары бойынша есептемелер дайындау;
8. тиісті құжатты рәсімдей отырып, жергілікті билік органдары, тапсырыс беруші, жұмысты орындаушылармен бірге келешегі бар учаскелерді таңдауға, ұңғымаларды орналастыру жерлерін таңдауға қатысу;
9. «Қазгеология» АҚ әрбір нысан бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес аймақтық, іздестіру, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілетін нысандардың геологиялық және инженерлік-геологиялық зерттелгендік жағдайын талдау;
10. Филиал жүргізген аймақтық, іздестіру және іздестіру-барлау жұмыстары бойынша есептемелерді «Қазгеология» АҚ орталық аппаратының қарастыруына әзірлеу және ұсыну;
11. «Қазгеология» АҚ орталық аппаратына «Қазгеология» АҚ ішкі құжат талаптарына сәйкес, Филиал қызметі туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жарты жылдық және жылдық есептілікті ұсыну.