«Қазгеология» ұлттық геологиялық
барлау компаниясы» АҚ

қаз | рус | eng

Жалпы ақпарат

Print

«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акцонерлік қоғамы Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 сәуірдегі кеңейтілген мәжілісінде  берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы №684 қаулысына сәйкес құрылды. 

Оны құрудың мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағын оңтайлы иегруді қамтамасыз ету, халықтың тұрмысы үшін және болашақ ұрпақтар қоры үшін жаңа минералдық-шикізат базаларын жасау, сондай-ақ Каспий қайраңындағы Қазақстан секторында Қазақстанның экономикалық әрі геосаяси мүдделерін іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады. 

Қоғам қызметінің негізгі түрлері мыналар:

1. Геологиялық барлау жұмыстары, оның ішінде: өңірлік геологиялық түсіру жұмыстары, қатты пайдалы қазбаларды, уранды, көмірсутекті шикізатты, жерасты суларын қоса алғанда, барлық пайдалы қазбалар түрлеріне іздеу жұмыстарын, барлық пайдалы қазбалар түрлеріне іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу, жерасты суларына іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу.
2. Саладағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу.
3. Геофизикалық жұмыстар орындау.
4. Қатты пайдалы қазбалар мен жерасты суларына ұңғымалар бұрғылау.
5. Көмірсутекті шикізатқа параметриялық және тіреуіштік бұрғылау.
6. Таукен әзірлемелерін өткізу.
7. Геологиялық барлау жұмыстары кешенін жобалау.
8. Зертханалық-талдамалық зерттеулер.
9. Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық-экономикалық бағалау, пайдалы қазбалар кен орындарын пайдалану кондицияларын және қорларды есептеуді техникалық-экономикалық негіздеуді әзірлеу.
10. Жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша геологиялық деректердің электронды дерекқорын жасау.
11. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйм салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.